Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Алгебралық өрнекті ықшамдау

Конспект

Екі өрнектегі әріптердің қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде өрнектердің сәйкес мәндері тең болса, онда мұндай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады.

Өрнекті оған тең өрнекпен алмастыруды – өрнекті түрлендіру деп атайды.

Мысалы, 2 + 5a – 3 = 5a + (2 – 3) = 5a – 1.

Өрнекті түрлендіргенде қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, қосылғыштардың орындарын ауыстырып, топтауға болады.

Мысалы, 4 + a – 9 – b = (4 – 9) + a – b = –5 + a – b = a – b – 5.

Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып өрнектерді түрлендіруге болады.

Мысалы, 8n · (–0,7m) · 3k = 8 · (–0,7) · 3mnk = –16,8mnk.

Егер алгебралық өрнек бөлшекпен берілсе, бөлшекті бірдей көбейткішке қысқартуға болады.

Мысалы, \({4ab\over3bc}={4a\over 3c}; \, {3xy\over 8x}={3y\over8}\).



Сұрақтар
  1. Өрнек құрыңыз.

    Турист автобуспен а \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен 3 сағат жүрген соң, b \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен 2 сағат жаяу жүрді. Турист қанша жол жүрген?

  2. Өрнектеп жазыңыз.

     n-нан басталған тізбектес үш натурал санның қосындысы.

  3. Алгебралық қосындыны орындаңыз.

     \(y+{1\over9}-y+2{2\over9}-y+{2\over3}\)

  4. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \({5\over12}\cdot4(-a)-{1\over15}b\) , мұндағы а = 4, b = 5.

  5. \(a\cdot b=-8\) болса, \((-a\cdot5)\cdot(-b\cdot(-2))\) есептеңіз.

  6. Бөлшекті қысқартыңыз.

     \(9ab\over21abc\)

  7. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \(-{4\over9}x\cdot(-{3\over8}y)\cdot(-6z)\)

  8. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \({5\over9}\cdot(-n)\cdot{3\over5}\)

  9. Бөлуді орындаңыз.

     \({5x-3\over2}:{3-5x\over7}\)

  10. Өрнекті ықшамдаңыз:\(-{5\over6}a\cdot(-{4\over5}b)\cdot{3\over8}\)

Қате туралы хабарландыру