Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту

Конспект

Егер бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, онда оған тең бөлшек алынады. Бұл – бөлшектің негізгі қасиеті деп аталады.

Бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың ортақ бөлгішіне (1-ден өзге) бөлуді бөлшекті қысқарту дейді.



Сұрақтар
  1. Бақта 35 жеміс ағашының 21-і алма ағашы. Бақта ағаштардың қандай бөлігі алма ағаштары

  2. \(\frac{4}{15}\) бөлшегінің бөлімін 60-қа келтіру үшін алымы мен бөлімін нешеге  көбейту керек?

  3. Бөлшекті қысқартыңыз: \(\frac{48}{60}\)

  4. \(\frac{81}{108}\) бөлшегін қысқартыңыз.

  5. Амалдарды орындаңыз: \({{35\ \cdot\ 28\ +\ 32\ \cdot\ 35}\over{60\ \cdot\ 45}}\)

  6. Есептеңіз:  \(\frac{17\cdot96-17\cdot24}{48\cdot85}\)

  7. Бөлшекті қысқартыңыз:  \(\frac{25\cdot72\cdot77}{88\cdot50\cdot21}\)  

  8. Бөлшекті қысқартыңыз.

      \(\frac{12\cdot35\cdot143}{34\cdot77\cdot39}\)

  9. Cыныптағы 30 оқушының 10-ы қыз бала. Сыныптағы қыздардың үлесі қандай?

  10. 240 г құймада 144 г мыс бар. Құймадағы мыстың үлесі

  11. Төмендегі жауаптардың арасынан \(\frac 53\) бөлшегіне тең болатын сандарды табыңыз.

Қате туралы хабарландыру