Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер. Аликвоттық бөлшектер

Конспект

Алымы бөлімінен кіші болатын бөлшекті дұрыс бөлшек деп атайды. Мысалы,

\({8 \over 13}; {11 \over 25}; {1 \over 2}\).

Алымы бөлімінен үлкен немесе тең болатын бөлшекті бұрыс бөлшек деп атайды. Мысалы,

\({9 \over 7}; {5 \over 3}; {11 \over 11}\).

Алымы 1-ге тең дұрыс бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады. Кез келген аликвоттық бөлшек 1-ден кіші болады.

Мысалы, \({1 \over 8}; {1 \over 77}; {1 \over 123}\).

Алымы 1-ден өзге бөлшектерді аликвоттық бөлшектердің қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы, \({5 \over 9}= {5 \cdot2 \over 9\cdot 2}= {10 \over 18}={6 \over 18 }+{2\over18}+{2\over18}={1 \over 3 }+{1\over9}+{1\over9}\).

 



Сұрақтар
  1. 5 алманы 6 балаға бөліп беру керек. Алмалардың әрқайсысын 6 үлеске бөлмей қалай теңдей бөлуге болады?

  2. Үш бала бірдей екі алманың әрқайсысын 3 үлеске бөлмей қалай теңдей етіп бөле алады?

  3. Теңдік орындалатындай х-тің мәнін табыңыз.

     \(\frac{4x+1}{11}\) = \(\frac{50}{22}\)

  4. \(\frac{x}{7}\) бөлшегі дұрыс бөлшек болатындай х-тың натурал мәндерінің санын табыңыз.

  5. \(\frac{10}{x}\) бөлшегі бұрыс бөлшек болатын х-тың қанша натурал мәнін табуға болады?

  6. 5, 7, 9 сандарын пайдаланып, қанша дұрыс бөлшек жазуға болады?

  7.  \({{n+4}\over{7}}\)  өрнегінің n-ның натурал мәнінде қанша дұрыс бөлшек болады?

  8. 3, 11, 13 сандарын қолданып неше бұрыс бөлшек құрастыруға болады?

  9. Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті атайды?

  10. Дұрыс бөлшекті табыңыз: \(\frac 45, \frac65, \frac85, \frac95, \frac{13}5\)

  11. Бұрыс бөлшекті табыңыз.

     \(\frac15, \frac25, \frac 35, \frac45, \frac65\)

  12. \(\frac{24}{5}\) бұрыс бөлшегінде неше \(\frac{3}{5}\) үлес бар?

Қате туралы хабарландыру