iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Ең кіші ортақ еселік
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) деп атайды және оны жай сандарға жіктеу арқылы табады.
1) Берілген натурал сандар жай көбейткіштерге жіктеледі.
2) Берілген сандардың ең үлкеніндегі жай көбейткіштер жазылады да, ал оның құрамында жоқ, бірақ басқа сандардың құрамында бар жай көбейткіштермен толықтырылады.
3) Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісі берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі болады. Мысалы, ЕКОЕ(27,45)-ін табу керек. 27 = 33, 45 = 32 · 5, ЕКОЕ (27, 45) = 33 · 5 = 135, сонда 135 : 27 = 5, 135 : 45 = 3.
Егер берілген натурал сандардың үлкені кішілеріне еселік болса, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болады. Мысалы, ЕКОЕ (29, 87) = 87.
Егер берілген натурал сандардың, 1 санынан басқа, ортақ жай көбейткіші болмаса, ондай сандар өзара жай сандар деп аталады. Мысалы, ЕКОЕ (28, 45)-ін табайық. 28 = 4 · 7, 45 = 5 · 9, ЕКОЕ (28, 45) = 28 · 45 = 1260.
Егер берілген сандар өзара жай сандар болса, онда ең кіші ортақ еселік осы сандардың көбейтіндісіне тең.
-
Орамдағы сымды әрқайсысының ұзындығы 12 м немесе 18 м болатындай бөліктерге бөле аламыз. Орамда кем дегенде неше метр сым бар?
-
а = 2 · 3 және b = 2 · 7, ЕКОЕ(a; b) = ?
-
6 мен 8-дің ең кіші ортақ еселігін табыңыз.
-
а = 2 · 2 · 3 · 5 және b = 2 · 3 · 5 · 2, ЕКОЕ(а; b) = ?
-
Қаламсап бағасы 15 теңге, Айнұрда 20 теңгелік тиындар ғана бар. Егер сатушыда қайтаратын ақша болмаса, ол ең аз дегенде қанша қаламсап алу керек?
-
ЕКОЕ(а; 6) = а болса, а-ның ең кіші мәнін табыңыз
-
30 бен 45-тің ең кіші ортақ еселігін табыңыз.
-
Базарға әкелінген қарбыздарды он-оннан бөлсек те, он екі-он екіден бөлсек те, қарбыз артық қалмайды. Базарға ең аз дегенде неше қарбыз әкелінді?
-
ЕКОЕ (30,20,36) = ?
-
Ені 5см, ұзындығы 1дм 7см қорапшаларды орналастыру үшін табаны квадрат пішінді жәшіктер дайындалды. Жәшіктің табанының қабырғасы ең кем дегенде неше см болуы керек?