Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар

Конспект

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.

Мысалы, 18 бен 48 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табайық.

18 = 2 · 3 · 3, 48 = 23 · 2 · 3. ЕҮОБ(18, 48) = 2 · 3 = 6.

Өзара жай сандардың ортақ бөлгіші біреу ғана, ол – 1 саны.

Егер сандардың ең кішісі үлкендердің бөлгіші болса, онда сол ең кіші сан берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші болады.

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу үшін:

  1. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейміз;
  2. Шыққан жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді табамыз;
  3. Ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісі сол сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші болады.

 



Сұрақтар
  1. 12 мен 20-ның ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

  2. 12 мен 32-нің ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

  3. 49m + 21n қосындысының ортақ көбейткіштерін жақша сыртына шығарыңыз

  4. 24 қызыл шар, 42 көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбек дайындалды. Тізбектегі қызыл, көк, сары шарлар саны бірдей. Ең көп дегенде неше тізбек дайындалды?

  5. а = 2 · 2 · 3 · 5 және в = 2 · 3 · 5 болса, ЕҮОБ (а; b) = ?

  6. Жүк машинасымен бірнеше рет қатынап, бірінші күні – 35 т, екінші күні – 21 т, үшінші күні – 14 т көмір әкелінді. Әр ретте тиеген көмір мөлшері бірдей болса, машина бір рет қатынағанда неше тонна көмір әкелді?

  7. а = 2 · 2 · 3 · 5 және b = 2 · 3 · 3 болса, ЕҮОБ(а; b) = ?

  8. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

     3 · 7 · 11\(^2\) және 3\(^2\) · 11 · 13

  9. ЕҮОБ-ін табыңыз: 48; 240; 264

  10. Өзара жай сандарды табыңыз.

  11. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) табыңыз.

    a = 2\(^4\) · 3\(^2\) · 5\(^2\) · 7; b = 2\(^3\) · 3 · 5

Қате туралы хабарландыру