Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Шеңбер. Дөңгелек

Конспект

Барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын фигура шеңбер деп аталады.

Шеңбер центрі мен оның бойындағы нүктені қосатын кесінді радиус деп аталады.

Шеңбердің центрі арқылы өтетін және шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді диаметрі деп аталады. Диаметр – екі радиусқа тең.

Жазықтықта шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса дөңгелек деп аталады.

Шеңбердің бойындағы жатқан екі нүктенің арасындағы бөлігі шеңбер доғасы деп аталады.



Сұрақтар
  1. Шеңбер диаметрі 7дм 4 см. Радиусы қанша?

  2. Велосипедші 160 м/мин жылдамдықпен 3 мин жүргенде, оның шеңберінің ұзындығы 2 м-ге тең доңғалағы неше рет айналып шығады?

  3. Автомашинаның доңғалағы 47 секундта 400 айналым жасайды. Оның доңғалағының жиегінің ұзындығы 2 м 35 см. Автомашинаның қозғалыс жылдамдығын табыңыз.

  4. Диаметрі 6 cм шеңбердің ауданы қанша?

  5. Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі қалай аталады?

  6. Жердің радиусы шамамен 6400 км, ал Меркурийдің радиусы одан 4000 км-ге кіші. Меркурийдің диаметрін табыңыз.

  7. Бірінші шеңбердің радиусы екінші шеңбердің радиусынан 2 есе ұзын болса, екіншісінің диаметрі бірінші шеңбердің диаметріне қарағанда қандай болады?

  8. Шеңбер ұзындығы 1-ге тең. Радиусын табыңыз.

  9. Дөңгелек ауданы 1-ге тең. Радиусын табыңыз.

  10. Радиусы 6 см шеңбердің ұзындығын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру