Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Процент

Конспект

Кез келген шаманың \(\frac{1}{100}\) бөлігі бір процент деп қабылданған, яғни  \(1\%=\frac{1}{100}\) немесе 1% = 0,01. Процентті бөлшекпен жазу үшін 100-ге бөлу керек, ал бөлшекті процентпен жазу үшін 100-ге көбейту керек.

Мысалы:   \(100\%=1 \\ 10\%=\frac{10}{100}=\frac{1}{10}=0,1\\ 20\%=\frac{20}{100}=\frac{1}{5}=0,2\)       \(25\%=\frac{25}{100}=\frac{1}{4}=0,25\\ 50\%=\frac{50}{100}=\frac{1}{2}=0,5\\ 75\%=\frac{75}{100}=\frac{3}{4}=0,75\)

 

Берілген санның процентін табу үшін:

  1. процентті жай бөлшекке немесе ондық бөлшекке өрнектеу керек;
  2. берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

Мысалы, 45 санының 20%-ын табайық.

\(20\%=\frac{20}{100}=\frac{1}{5}=0,2\)       \(45\cdot0,2=9\)

 

Процент бойынша санды табу үшін:

  1. процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек;
  2. берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

Мысалы, 15%-і 60-қа тең санды табу керек. Ол үшін

\(15\%=\frac{15}{100}=\frac{3}{20};\)     \(60:\frac{3}{20}=\frac{60}{1}\cdot\frac{20}{3}=400\)

 

Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу үшін:

  1. бірінші санды екінші санға бөлу керек;
  2. шыққан бөліндіні процентпен өрнектеу керек.

Мысалы, 5 саны 20-ның неше процентін құрайтынын табу үшін:  \(5:20=\frac{1}{4};\ \frac{1}{4}\cdot100=25\%\)-ін құрайды.

 



Сұрақтар
  1. Алманың \(\frac{17}{20}\) -сі су. Алманың неше проценті су?

  2. Теңіз суының 5%-і тұз. Теңіз суының неше бөлігі тұз?

  3. Сүттің 20%-і қаймақ, қаймақтың 25%-і май. Сүттің неше проценті май?

  4. Сыныптағы ұлдар қыздардан 20% артық. Сыныптағы оқушылардың неше проценті ұлдар?

  5. Қоспаның 85%-і мыс, қалғаны қалайы. 5кг қоспаның құрамындағы мыс қалайыдан қанша килограмм артық?

  6. Теңіз суының 95%-і таза су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар?

  7. Жерге себілген 300 пияз тұқымының 195-і өнді. Пияз тұқымының өнімділігі неше процент?

  8. Тұзды судың екі ерітіндісінен қоспа жасалды. Бірінші ерітіндінің массасы 400 г, ондағы тұз 25%, ал екінші ерітіндінің массасы 200 г, ондағы тұз 10%. Қоспа ерітіндісінің неше проценті тұз?

  9. Концентрациясы 8% болатын ас содасының судағы 450 г ерітіндісіне 10 г ас содасын қосқанда, ерітіндінің концентрациясы неше процент болады?

  10. Дүкенге әкелінген көкөністің бірінші күні 35%-і, ал екінші күні 28%-і сатылды. Үшінші күні қалған 333 кг сатылды. Дүкенге қанша көкөніс әкелінді?

  11. Бұйымның бағасы 12%-ке қымбаттады. Егер оның алғашқы бағасы 2000 тг болса, оның қымбаттаған кейінгі бағасын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру