Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Конспект

а саны қалдықсыз бөлінетін натурал сан натурал а санының бөлгіші деп аталады.

Қасиеттері:

1) Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең;

2) 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.

Жалпы түрі: a : b = c, a – бөлінгіш, b – бөлгіш, c – бөлінді.

Натурал b санына еселік сан деп сол b санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады. Жалпы түрі: a : b = c, мұндағы a – b-ға еселік сан және a = bc.



Сұрақтар
  1. 14 санының бөлгіштерінің санын табыңыз

  2. 35 тал раушан гүлі бар. Сатушы гүлдер саны әртүрлі болатындай гүлшоқтарын неше тәсілмен істей алады?

  3. Сатушы себетіндегі алмаларды 3, 4 немесе 6 адамға теңдей бөліп бере алады. Оның себетінде неше алма бар?

  4. а санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 6, а. а санын табыңыз.

  5. 12 қызыл, 16 көк, 8 сары шардан тізбек құрастыру керек. Тізбектегі әр түсті шарлар саны бірдей болатындай ең аз дегенде неше тізбек құрастыруға болады?

  6. m, 14, 21, … сандары m санының еселіктері. m санын табыңыз.

  7. 30 бен 45-тің ортақ еселігін табыңыз.

  8. Орамдағы сымды әрқайсысының ұзындығы 12 м немесе 18 м болатындай бөліктерге бөлуге болады. Орамда неше метр сым бар?

  9. 1, 2, 3, 4, 8, 12, 15, 18, 24, 36, 72 сандарының ішінен 36 санының бөлгіштерін теріп жазыңыз

  10. 48 санының бөлгіштерінің санын табыңыз.

  11. 3 күн бұрын жұма болған, енді 1003 күннен кейін аптаның қай күні болатыны анықтаңыз.

  12. 15\(^{2018}\) · 7\(^{350}\) · 5\(^{1958}\) – 7\(^{349}\) · 2\(^{1299}\) · 6\(^{1958}\)  санының соңғы цифрын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру