iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жай сандар, құрама сандар
1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар жай сандар деп аталады. Мысалы, 2, 3, 5, 7, 11, 13, ...
Екіден көп бөлгіштері сандар құрама сандар деп аталады. Мысалы, 18 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18.
-
31 < x < 41 теңсіздігінің шешімі болатын жай санды табыңыз.
-
х-тің қандай мәнінде 37 · x өрнегі жай сан болады?
-
10 < у < 20 аралығында неше жай сан бар?
-
Құрама сандарды теріп жазыңыз:
16; 26; 37; 65; 73; 86; 91; 101; 127
-
3850 санының бөлгіші болатын ең үлкен жай санды табыңыз.
-
4730 санының бөлгіші болатын ең үлкен жай санды табыңыз.
-
Жай санды таңдаңыз.
38, 49, 53, 57, 63
-
Құрама санды табыңыз: 47, 57, 59, 61, 73
-
Қандай екі жай санның қосындысы жай сан болады?
-
41 < у < 53 теңсіздігінің жай сан болатын шешімдерін табыңыз.
-
1; 27; 14; 57; 43; 75; 1684; 546; 79; 740; 1001; 672; 1036; 31; 835 сандарының қайсысы жай сандар екенін анықтаңыз.