Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Конспект

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз – оларды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу. Жай көбейткіштер қатары тек қана жай сандардан тұрады.

Мысалы, 42 саны – құрама сан, ал жай көбейткіштерге жіктесек, 42 = 2 · 3 · 7.

Кез келген құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең болады. 48 = 24 · 3.



Сұрақтар
  1. 26 саны неше жай көбейткішке жіктеледі?

  2. a : b бөліндісін табыңыз, мұндағы a = 5 · 7 · 13; b = 7 · 13

  3. Көлемі 125 см\( ^3\) болатын кубтың қырының ұзындығы неше сантиметр?

  4. а(а + 2)(а + 4) өрнегінің мәнін табыңыз, мұндағы а = 3

  5. 140 cаны неше жай көбейткішке жіктеледі?

  6. Құрама сандар дегеніміз не?

  7. 18 санының жай көбейткіштерге жіктелген дұрыс нұсқасын табыңыз.

  8. Әлияда 15 сәбіз бар. Ол әр қоянда 2-ден көп сәбіз болатындай n қоянға сәбіздерді теңдей бөліп берді. Әлия қанша қоянға бөліп берді?

  9. 2262 cанының ең үлкен жай бөлгішін табыңыз.

  10. 4730 санының бөлгіші болатын ең үлкен жай санды табыңыз.

Қате туралы хабарландыру