Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Аралас сандар. Координаталық сәуле. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу

Конспект

Бүтін бөлік және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.

Мысалы, \({1}{2 \over3}\). Оқылуы: «бір бүтін үштен екі».

Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады. Ол үшін аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек. Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым етеміз. Бөлшектің бөлімін өзгертпей қалдырамыз.

Мысалы, \({2}{1\over 3}={3\cdot2+1\over3}={7\over3}\).

Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу үшін, алдымен, бөлшектің алымын бөліміне бөлу керек. Шыққан толымсыз бөлінді аралас санның бүтін бөлігі болады. Қалдық бөлшек бөліктің алымы, ал бөлгіш бөлімі болады.

Мысалы, \({17\over 5}={17:5}={3(2)}={3}{2\over5}\).

Кез келген натурал санды аралас сан түрінде жазуға болады.

Мысалы: \({1}={3\over 3}={4\over4}={5\over5}\) т.с.с. \({3}={2+1}={2+7\over7}={2}{7\over7}\).

Ұзындығы «бірлік» ретінде алынған кесінді бірлік кесінді деп аталады. Бірлік кесіндімен берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады. Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады.

Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін: бөлшектің бөлімінде қанша болса, бірлік кесіндіні сонша тең бөлікке бөліп, алымында қанша болса, сонша бөлікті санап алу қажет.



Сұрақтар
  1. Координаталық сәуледе В (а – 3), А (а + 5) нүктелері берілген, АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

  2. 5\(\frac{47}{50}\) км қашықтықта бір-бірінен арақашықтығы \(3\over50\) болатын неше баған тұрғызуға болады?

  3. 5\(\frac{1}{5}\) кг емдік шөпті \(\frac{2}{5}\)кг неше пакетке салуға болады?

  4. Теңдеуді шешіңіз.

    \({{16a-24}\over{6}}\) = 12

  5.  3\(^\frac{3}{7}\) \(^\frac{3}{7}\) аралас санында неше \(^{{1}\over{7}}\) \(^{{1}\over{7}}\) үлес бар?

  6. Жаяу адам 3 сағатта 16 км жол жүрді. Оның жылдамдығын табыңыз.

  7. Бөлшекті қысқартыңыз.

    \(12\cdot26+12\cdot27\over12\cdot26-12\cdot17\)

  8.  \({{24}\over{5}}\) бұрыс бөлшегін аралас санға айналдырыңыз.

  9.  2\(\frac{5}{17}\) аралас санын бұрыс бөлшекке айналдырыңыз.

  10. A(3\({1\over7}\)), B(1\({5\over7}\)) болса, AB кесіндісінің арасын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру