Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ондық бөлшектерді салыстыру

Конспект

Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кішісі сол жақта кескінделеді.

Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру үшін:

  1. бүтін бөліктерін салыстырамыз: қайсысының бүтін бөлігі үлкен болса, сол ондық бөлшек үлкен;
  2. егер бүтін бөліктері тең болса, ондық үлестерін салыстырамыз: қайсысының ондық үлесі үлкен болса, сол ондық бөлшек үлкен т.с.с. жалғастыра береміз.

Мысалы, 2,31 < 3,1 (себебі, 2 < 3), 7,38 > 7 < 291 (себебі, ондық үлестері бойынша салыстарғанда 3 > 2)



Сұрақтар
  1. 2,4 пен 3,2 сандарын салыстырыңыз.

  2. \(1{1\over5}; 1,5; 1{3\over10}\)сандарын өсу ретімен орналастырыңыз

  3. 4,0* > 4,08,  * орнындағы тура теңсіздік шығатын цифрды табыңыз.

  4. х = 18,6; у = 0,186; z = 1,86 сандарын дұрыс қос теңсіздік түрінде жазыңыз.

  5. 0,3 пен \(2\over5\)-ні салыстырыңыз.

  6. 67,83 және 67,25 сандарын салыстырыңыз.

  7. Есептеңіз.

     \(3303+3303+3303\over3303+3303+3303+3303\)

Қате туралы хабарландыру