Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Конспект

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

  1. аттас разрядтарды бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
  2. разрядтар бойынша қосуды орындау керек;
  3. қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.

           Мысалы: \(\begin{align} _+33,268\\ \underline{\;\; 7,513}\\ 40,781 \end{align}\)        \(\begin{align} _+5,243\\ \underline{\;\;\;\; 76,4}\\ 40,781 \end{align}\)

Ондық бөлшектерді азайту үшін ондық бөлшектерді қосу кезіндегі алгоритмін сақтап, азайту амалын орындау керек.

           Мысалы: \(\begin{align} _-17,13\\ \underline{\;9,54}\\ 7,59 \end{align}\)           \(\begin{align} _-23,80&\\ \underline{\;\;7,69}&\\ 16,11& \end{align}\)        \(\begin{align} _-12,00&\\ \underline{\: 7,68}&\\ 4,32& \end{align}\)



Сұрақтар
  1. Жәшікке алма салынған. Ондағы алманың массасы 9,75 кг. Жәшіктің массасы алманың массасынан 7,9 кг жеңіл. Алма мен жәшіктің массасы қандай?

  2. Дүкеннен үш түрлі кәмпит сатып алынды. Кәмпиттің бірінші түрі 1,4 кг, екінші түрі одан 3/5 кг, ал үшінші түрі біріншісінен 3/4 кг артық. Дүкеннен барлығы неше килограмм кәмпит сатып алынды?

  3. Ұзындығы \(15{6\over25}\) метр жіптің 4,9 метрі кесіп алынды. Жіптің қалған бөлігі кесіп алынған бөліктен қанша метр ұзын?

  4. Азайтуды орындаңыз.

    \(5{17\over20}-3,55-{4\over5}\)

  5. Амалдарды орындаңыз.

      \(2{{1}\over{7}}:{{5}\over{6}}\cdot{{7}\over{9}}-1,9\) 

  6. Теңдеуді шешіңіз: у – 8,3 = 8,07 + 11

  7. Қосуды орындаңыз.

     1,245 + (0,755 + 3,02)

Қате туралы хабарландыру