iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Ондық бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
- үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейту ережесімен көбейтуді орындау керек;
- ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіден оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Мысалы, 25,15 · 4 = 100,60 = 109,6; 8,9 · 5 = 44,5.
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с сандарға көбейту үшін ондық бөлшектің үтірін разряд бірлікте неше нөл болса, сонша цифрға оңға жылжыту керек.
Мысалы, 1,678 · 10 = 16,78; 1,678 · 100 = 167,8 т.с.с.
Ондық бөлшектерді көбейту үшін:
- үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейту ережесімен көбейтуді орындау керек;
- көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Мысалы: 7,32 · 2,8 үшін 732 · 28 = 20496 екі көбейткіште үш ондық таңба бар, ендеше 7,32 · 2,8 = 20,496 болады.
Ондық бөлшектерді 0,1; 0,01; 0,001 ... сандарға көбейту үшін осы бөлшектегі үтірді, разряд бірлікте неше нөл болса, сонша цифрға солға жылжыту керек.
Мысалы, 1234,5 · 0,1 = 123,45; 1234,5 · 0,01 = 12,345 т.с.с.
-
Есептеңіз.
(0,9 · 5 + 5 · 0,6) – (0,7 · 2 + 3 · 0,7)
-
Көбейтуді орындаңыз.
(5 · 3,16) · 4
-
Тоқыма станогында 1 сағатта 3,45 м мата тоқылады. Бір тоқымашы қатарынан 2 станокта жұмыс істесе, 7 сағатта неше метр мата тоқылады?
-
Бұршақ массасының 0,54-і көміртегі, 0,22-сі ақуыз, қалғаны май. 267 кг бұршақта қанша май бар?
-
Теңдеуді шешіңіз.
\({x\over6,2}\) = 5,25
-
Амалдарды орындаңыз. 0,4 · 5,1 + 6,9 · 0,4
-
Көбейтуді орындаңыз: 0,25 · 1,32
-
Есептеңіз.
(1,234 – 0,1234) · 0,1 – 0,1
-
Адам әр тыныс алған сайын 0,715 г ауа жұтады. Егер ол минутына 15 рет тыныс алса, оның бір тәулікте жұтатын ауасының мөлшерін табыңыз.