Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ондық бөлшектерді бөлу

Конспект

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

  1. үтірге назар аудармай, ондық бөлшекті осы натурал санға бөлу керек;
  2. бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек.

Мысалы, 3,32 : 4 = 0,83; 0,08 : 4 = 0,02.

Егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен кем болса, онда бөліндіге

0 бүтінді жазу керек.

Егер ондық бөлшекті бөлу барысында қалдық қалса, онда оған қажетті нөлдер тіркеліп, қалдықсыз бөлінгенше жалғастырылады.

Мысалы, 31,5 : 28 = 1,125.

Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000... разряд бірліктерге бөлу үшін ондық бөлшектің үтірін разряд бірліктерінде қанша нөл болса, сонша цифрға солға жылжыту керек.

Мысалы, 432,1 : 10 = 43,21; 432,1 : 100 = 4,321 т.с.с.

 

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін:

  1. бөлгіште неше ондық таңба болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға аттап көшіру керек;
  2. натурал санға бөлуді орындау керек.

Мысалы, 7,644 : 1,56 бөлу үшін 764,4 : 156 = 4,9;

56,7 : 0,18 бөлу үшін 5670 : 18 = 315.

Ондық бөлшекті 0,1, 0,01, 0,001, ... разряд бірліктеріне бөлу үшін разряд бірлігінде қанша нөл болса, бөлінгіштегі үтірді сонша цифрға оңға жылжыту керек.

Мысалы, 2,731 : 0,1 = 27,31; 2,731 : 0,01 = 273,1 т.с.с.



Сұрақтар
  1. Есептеңіз.

    \( 15^2:100\)

  2. Мәнін табыңыз.

    8,2 : 4 + 0,25

  3. Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп 37 түп ағаш отырғызды. Ең шеткі екі ағаштың арасы 198 м. Жол бойындағы 15-ағаш 9-ағаштан неше метр қашықтықта орналасқан?

  4. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі 302,4см\(^3\). Табанының ауданы 72 см\(^2\). Параллелепипедтің биіктігін табыңыз.

  5. Қайықтың меншікті жылдамдығы 7,85 \(\frac{км}{сағ}\). Ол өзенде ағыспен жүзіп бара жатыр. Ағыстың жылдамдығы 2,6 \(\frac{км}{сағ}\) болса, қайық қанша уақытта 12,54 км қашықтықты жүзіп өтеді?

  6. Амалдарды орындаңыз.

    (12,33 + 7,3) : 6,5

  7. Бөлуді орындаңыз.

     1,23 : 0,41

  8. Есептеңіз.

    \({2,8+1,7\over3,5-2,6}\)

  9. Теңдеуді шешіңіз.

    2 · (х + 11,3) = 54,6

  10. Есептеңіз.

    43 : 21,5 - 1,5 · 1,2

  11. Амалдарды орындаңыз.

    (27,2 – 12,6) : 3,65

  12. Есептеңіз.

     \(0,9\cdot6,3\cdot2,9\over0,7\cdot2,5\cdot8,1\cdot5,8\)

Қате туралы хабарландыру