Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу

Конспект

Санды дөңгелектегенде, сан өзінің жуық мәніне ие болады. Жуықтап алынған мән оның дәл мәнінен кем немесе артық болуы мүмкін.

Санды қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін:

  1. осы разрядтың оң жағындағы сандар нөлдермен алмастырылады, ал ол сан үтірден кейін келсе, алынып тасталынады;
  2. егер нөлдермен алмастырылған немесе алынып тасталған бірінші цифр: 0, 1, 2, 3, 4 болса, онда оның сол жағындағы цифр өзгермейді; ал 5, 6, 7, 8, 9 болса, онда оның сол жағындағы цифр 1-ге арттырылады.

Мысалы,

\(8,35\approx8,4\) – ондық үлеске дейін дөңгелектеу;

\(26375\approx26400\) – жүздікке дейін дөңгелектеу;

\(7,826\approx7,8\) – ондық үлеске дейін дөңгелектеу.



Сұрақтар
  1. 372 секунд шамамен неше минутқа тең?

  2. 1 метр матаның бағасы 510 тг. 2,6 м мата үшін шамамен неше теңге төлеу керек? Жауапты ондыққа дейін дөңгелектеңіз.

  3. Тұзды су ерітіндісінде 185 г тұз бар. Бұл ерітінді массасының 0,4-індей. Ерітіндідегі судың массасын бүтінге дейінгі дөңгелектеп, жуық мәнін табыңыз.

  4. 7835 м шамамен неше километр болады?

  5. Ұшақта 150 адам отыратын орын бар. Электрондық билет кезегін күтушілер саны – 700 адам. Барлығына билет сатылса, оларға неше ұшақ керек болатынын анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру