iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгендегі шыққан бөліндіні айтады.
Мысалы, 5,3, 5,2, 4,8 сандарының арифметикалық ортасы:
\({5,3+5,2+4,8\over3}={15,3\over3}=5,1\).
Сандардың өзгеріс ауқымы деп, берілген сандар қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасын айтады.
Мысалы, 5,3, 5,2, 4,8 сандарының өзгеріс ауқымы: 5,3 – 4,8 = 0,5.
Шаманың модасы – оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.
Мысалы, оқушының орыс тілінен алған бағалары: «5», «4», «3», «2», «3» болса, онда оның модасы «3».
-
Бағасы 750 теңге болатын 3 кг шай мен бағасы 980 теңге болатын 2 кг шай араластырылды. Қоспа шайдың 1 килограмм бағасы қанша?
-
Кітапхананың оқу залында орта есеппен жасы 21-ге тең 24 адам бар. Оқу залынан бір адам шығып кеткенде, қалғандарының орташа жасы 20-ға тең болды. Оқу залынан шығып кеткен адам неше жаста?
-
\({9\over20};\) 0,65 және \(2\over5\) сандарының арифметикалық ортасын табыңыз.
-
Төмендегі кестеде сыныптағы оқушылардың бойлары көрсетілген.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 135 137 138 139 139 139 140 140 141 141 Осы оқушылардың бойларының орташа нәтижелерін, сандар қатарының модасын және медианасын табыңыз.
-
Төрт санның екіншісінен бастап, әрқайсысы өзінің алдыңғы санынан 7-ге артық және ол сандардың арифметикалық ортасы 25,5-ке тең. Сол сандардың ең үлкені мен ең кішісін және өзгеріс ауқымын табыңыз.