iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Кез келген c және d сандары үшін:
c + d = d + c
Мысалы, 83 + 15 = 98 және 15 + 83 = 98, яғни 83 + 15 = 15 + 83 = 98
Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады:
(b + c) + d = b + (d + c)
Мысалы, (9 + 16) + 17 = 9 + (16 + 17) = 42.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
a · b = b · a
Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады:
(a · b) · c = a · (b · c)
-
Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті ықшамдаңыз.
(296 + 113) + 204 + а, мұндағы а = 387
-
Көбейтудің қасиеттерін пайдаланып, өрнектің мәнін есептеңіз.
40a · 36b, мұндағы ab = 25
-
Амалдарды орындаңыз.
684 : (111 – 75) · 4
-
Теңдік құрастырып, есептеңіз.
221 мен 134-тің айырмасын 76-ға көбейтіңіз
-
Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңыз.
(1819 + z) + 3239, мұндағы z = 2761
-
Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз.
22с · 6d, мұндағы c = 5, d =12
-
Өрнектің мәнін табыңыз.
(42a) : (7b), мұндағы a : b = 20
-
Төрт кітапта 836 бет бар. Мұндағы екі кітап 213 беттен тұрса, үшінші кітап 127 беттен тұрады. Төртінші кітапта қанша бет бар?
-
Амалдарды орындаңыз.
41 · (109 – 58) : 17
-
Дастан бақшадан 10 алма, алмұрт және шабдалы әкелді. Алмұрттың саны алма санынан 7-ге артық болса, шабдалының саны алмадан 5-ке кем еді. Дастан бақшадан қанша жеміс әкелді?