iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау
Қосындыны санға көбейту үшін сол санға әрбір қосылғышты жеке-жеке көбейтіп, одан шыққан көбейтінділерді қосуға болады.
(a + b) · c = ac + bc
Айырманы санға көбейту үшін сол санға азайғышты да, азайтқышты да көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екінші көбейтіндіні азайтуға болады.
(a – b) · c = ac – bc
-
Амалдарды орындаңыз.
(4723 + 1062) : 89
-
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, жақшаны ашыңыз.
17 · (6y – 4x + 7z)
-
Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз.
149y + 26y – 13y, мұндағы y = 7
-
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеңіз.
114 · 25
-
Тиімді тәсілмен есептеңіз.
626 · 16 + 243 · 19 + 374 · 16 + 257 · 19
-
Өрнектің мәнін табыңыз.
(x + 4y) + (5y + 6z) + (8x + 3z), мұндағы x + y + z =14
-
Мерекеге әрқайсысы 7 теңгеден тұратын 20 қызыл шар және 30 көк шар сатып алынды. Барлық шарға қанша ақша төленді?
-
Тиімді тәсілмен есептеңіз.
41 · 80 – 25 · 41 + 55 · 29 -
ABCD тік төртбұрышының ауданын табыңыз.
-
Өрнекті ықшамдаңыз.
5(x + 3) + 2x