Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Формулалар

Конспект

Формула дегеніміз – математикада ережелердің әріптері бар теңдіктермен жазылуы. Мұндай жағдайда ереже формуламен жазылған дейміз.

Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең.

Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы: P = 2a + 2b = 2(a + b).

Үшбұрыштың периметрі оның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысына тең.

Үшбұрыштың периметрінің формуласы: P = a + b + c.

Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.

Тік төртбұрыштың ауданының формуласы: S = a · b.

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығын ені мен биіктігіне көбейткенде шыққан нәтижеге тең. Ал формуласы: V = abc.

Жолдың формуласы: S = vt, мұндағы S – жүрген жолдың ұзындығы, v – жылдамдық, t – уақыт.

Зат құнының формуласы: C = an, мұндағы C – заттың құны, a – заттың бағасы, n – заттың саны.

Квадрат периметрінің формуласы: P = 4a, a – қабырға ұзындығы.

Квадрат ауданының формуласы: S = a2.

Куб көлемінің формуласы: V = a3.



Сұрақтар
  1. Ені 15 см, ұзындығы 12 см болатын төртбұрыштың периметрі мен ауданын табыңыз.

  2. Квадраттың ауданы 49 см\(^2\)-қа тең. Квадраттың периметрін табыңыз.

  3. 7 кг женттің құны 2450 теңге болса, женттің бағасы неше теңге?

  4. Кеменің меншікті жылдамдығы 10 м/c, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 м/с. Кеменің ағысқа қарсы жылдамдығын табыңыз.

  5. Тік төртбұрыштың периметрі 34 см, ал ауданы 60 см\(^2\) болса, тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.

  6. Тікбұрышты параллелепипедтің ені 12 см, биіктігі 9 см, ал көлемі 1404 см\(^3\) болса, параллелепипедтің ұзындығын табыңыз.

  7. 17 кг алманың құны 4420 теңге болса, 13 кг алманың құны неше теңге?

  8. Кубтың бір жағының периметрі 36 см, кубтың көлемін табыңыз.

  9. 7-ге бөлгенде 4 қалдық қалатын сандардың жалпы түрін жазыңыз.

  10. Тікбұрышты параллелепипед пішінді қора шөппен толтырылған. Қораның ұзындығы 10 м, ені 6 м, биіктігі 4 м. Егер 10 м\(^3\) шөптің массасы 6 центнер болса, қораның ішінде неше центнер шөп бар?

  11. ab = \(\frac {cd}{ef}\) өрнегіне сәйкес келетін дұрыс өрнектерді  анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру