Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

Конспект

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген натурал санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді. Яғни, (a + b) : c = a : c + b : c.

Мысалы,

Қосынды Бөлгіш Қосылғыштардың бөлінгіштігі Қосындының бөлінгіштігі
21 + 35 = 56 7 21 : 7 = 3, 35 : 7 = 5 56 : 7 = 8

 

Қосылғыштар берілген натурал санға жеке-жеке қалдықпен бөлінген жағдайда қалдықтардың қосындысы сол санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

Мысалы,

Қосынды Бөлгіш Қосылғыштардың қалдықпен бөлінуі Қалдықтардың қосындысы Қосындының бөлінгіштігі
17 + 55 8 17 : 8 = 2(1), 55 : 8 = 6(7) 8 72 : 8 = 9

 

Егер көбейткіштердің біреуі берілген натурал санға бөлінсе, онда көбейтінді де сол натурал санға бөлінеді. Яғни, (a · b) : c = (a : c) b немесе (ab) : c = a(b : c).

Мысалы,

                        Қосынды                                                 Бөлгіш                                                 Қосылғыштардың бөлінгіштігі                                                 Қосындының бөлінгіштігі                        
                        14 · 24                                                 6                                                 14 саны 6-ға бөлінбейді. 24 : 6 = 4                                                 336 : 6 = 56                        

 

Егер айырмалардың әрқайсысы жеке-жеке берілген натурал санға бөлінсе, онда айырма да сол санға бөлінеді. Яғни, (a – b) : c = a : c – b : c.

Мысалы,

Айырма Бөлгіш Айырмалардың бөлінгіштігі Айырманың бөлінгіштігі
121 - 55 = 66 11 121 : 11 = 11, 55 : 11 = 5 66 : 11 = 6

 



Сұрақтар
  1. 2 мысық 2 минутта 2 тышқан жейді. 4 мысық 4 минутта неше тышқан жейді?

  2. 2 мысық 2 минутта 2 тышқан жейді. 3 мысық 3 тышқанды неше минутта жейді?

  3. Бөлуді орындаңыз.

    (18х + 45у) : 9

  4. Өрнекті ықшамдаңыз.

     42х : 7 + (65х + 39х) : 13

  5. 7 · 10 · 99 көбейтіндісін 11-ге бөліңіз.

  6. Бір гүл шоғында 21 гүл, екіншісінде 14 гүл бар. Осы гүлдерді әрқайсысында 7 гүлден болатындай неше құмыраға бөліп салуға болады?

  7. Есептеңіз.

    (72 – 24) : 8

  8. 21 + 49 + 84 қосындысын 7-ге бөлгенде шығатын бөліндіні табыңыз.

  9. Пойыз 72 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен жүріп, ұзындығы 500 м көпірден 37 секундта өтті. Пойыздың ұзындығы неше метр?

  10. Өрнекті ықшамдаңыз.

    (63у + 72у + 27у) : 9

  11. Берілген санды разрядтық бірліктерге жіктегенде 7 жүздіктен, x ондықтан, 5 бірліктен тұратын қосынды түрінде жазылды. Берілген сан 45-ке бөлінетін болса, x-тің орнына қандай цифр қоюға болатынын анықтаңыз.

  12. Берілген санды разрядтық бірліктерге жіктегенде 9 жүздіктен, х ондықтан, 5  бірліктен тұратын қосынды түрінде жазылды. Берілген сан 45-ке бөлінсе, x-тің орнына қандай цифр қоюға болатынын анықтаңыз және жауапта сол цифр жататын аралықты табыңыз.

  13. 7\(^{4n+5}\) – 3\(^{4n+3}\) өрнегі қандай сандарға бөлінетінін анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру