Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Конспект

Жазылуы жұп цифрлармен аяқталатын барлық натурал сандар 2-ге бөлінеді. Егер санның жазылуы тақ цифрлармен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінбейді. Мысалы, 12 : 2 = 6; 15 : 2 = 7(1).

2-ге бөлінетін сандар жалпы түрде 2п өрнегімен жазылады, мұндағы n = 1, 2, 3, ...

Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын барлық натурал сандар 5-ке бөлінеді. Егер санның жазылуы кез келген басқа цифрмен аяқталса, онда ол сан 5-ке бөлінбейді. Мысалы, 105 : 5 = 21, 80 : 5 = 16, 19 : 5 = 3(4).

5-ке бөлінетін сандар жалпы түрде 5п өрнегімен жазылады, мұндағы n = 1, 2, 3, ...

Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын барлық натурал сандар 10-ға бөлінеді. Егер санның жазылуы кез келген басқа цифрмен аяқталса, онда ол сан 10-ға бөлінбейді. Мысалы, 260 : 10 = 26, 709 : 5 = 70(9).

10-ға бөлінетін сандар жалпы түрде 10п өрнегімен жазылады, мұндағы n = 1, 2, 3, ...



Сұрақтар
  1. (32697 – 3254*) : 10 өрнегінде айырма 10-ға бөлінетіндей * - символын қандай цифрмен алмастыруға болады?

  2. Кітаптың оқылған беті оқылмаған бетінен 3 есе артық. Кітапта неше бет болуы мүмкін?

  3. Оқушы 5 дәптер алса, ол қанша теңге төлеуі мүмкін?

  4. 370, 525, 8 420, 432, 35 335, 674, 90 038, 7 020, 784 сандарынан 2-ге де, 5-ке де және 10-ға да бөлінетін қанша сан бар?

  5. 5-ке бөлгенде 3 қалдық қалатын санды таңдаңыз.

  6. 1-ден 100-ге (кіреді) дейінгі аралықта қанша сан 10-ға бөлінеді?

  7. (76436 + 5396*) : 5 өрнегіндегі қосынды 5-ке бөлінетіндей * - символын қандай цифрмен алмастыруға болады?

  8. 367, 852, 136, 5 673, 14 408, 307 641, 100 000, 564, 9, 443, 834, 887 cандарының ішінде қанша сан екіге бөлінеді?

  9. 5-ке бөлінетін санды таңдаңыз.

  10. 2-ге бөлінетін қанша екі таңбалы сан бар?

Қате туралы хабарландыру