Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері

Конспект

Берілген сан цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда ол санның өзі де 3-ке бөлінеді, егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінбесе, онда ол санның өзі де 3-ке бөлінбейді.

3-ке бөлінетін сандар жалпы түрде 3n өрнегімен жазылады, мұндағы n = 1, 2, 3, ...

Берілген санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда ол санның өзі де 9-ға бөлінеді, егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінбесе, онда ол санның өзі де 9-ға бөлінбейді.

9-ға бөлінетін сандар жалпы түрде 9n өрнегімен жазылады, мұндағы n = 1, 2, 3, ...



Сұрақтар
  1. 15-ке бөлінетін санды табыңыз.

  2. 6-ға бөлінетін санды табыңыз

  3. 5 * 9 * жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып, 3-ке еселік санның ең кішісін табыңыз.

  4. Екі ауылдың арасы 15 км-ден кем. Осы қашықтықты жаяу адам 3 сағатта жүріп өтеді. Екі ауылдың арасы қанша километр?

  5. Дархан 9 лотерея билетін сатып алды. Ол сатушыға 800 теңге төледі. Сатушы оған қанша теңге қайтаруы керек?

  6. 5*3 жазылуындағы жұлдызша орнына қандай цифрды қойсақ, 9-ға бөлінетін сан шығады?

  7. Ақ қоян көжектер саны сұр қоян көжектер санынан 2 есе артық. Барлығы неше көжек бар?

  8. Берілген санды разряд бірліктеріне жіктегенде, 6 жүздіктің, а ондықтың және 5 бірліктің қосындысы түрінде жазылды. Берілген сан 45-ке бөлінуі үшін а-ның орнында қандай цифр болу керек?

  9. 563 cанын 9-ға бөлгенде қанша қалдық қалады?

  10. 312 cанын 9-ға бөлгенде қанша қалдық қалады?

  11. Жұп санды 3-ке бөлгенде 1 қалдық шығады, ал сол жұп санды 6-ға бөлсе қандай қалдық шығатынын табыңыз және жауапта сол қалдық сан жататын аралықты көрсетіңіз.

  12. 3-ке еселі болатын және 4-ке бөлгенде 1 қалдық шығатын санның жалпы түрін табыңыз.

Қате туралы хабарландыру