Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Үлестер. Жай бөлшектер

Конспект

Тең бөлшектер үлестер деп аталады. Осы үлестердің санмен өрнектелген жазылуын жай бөлшектер дейміз.

Мысалы, \({1\over2}; {1\over4}; {3\over8}; \) т.с.с.

Мұндағы «–» бөлшек сызығы деп аталады.

Бөлшек сызығының астындағы сан неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Оны бөлшектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің алынғанын көрсетеді. Оны бөлшектің алымы деп атайды.

Бөлшек сандар: \(\frac{2}{3}\) – оқылуы «үштен екі», \(\frac{3}{5}\) – оқылуы «бестен үш».



Сұрақтар
  1. Бір бүтінде неше \(\frac{1}{3}\) үлес бар?

  2. Бақтағы 120 ағаштың \(\frac{1}{5}\)-і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағашы бар?

  3. Дорбадағы 24 кәмпиттің \(\frac{1}{4}\) бөлігі балаларға таратылып берілді. Дорбада неше кәмпит қалды?

  4. Сыныпта 10 қыз бар. Бұл сыныптағы барлық оқушының \(\frac{1}{3}\) -і. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?

  5. Бидондағы 20 л сүттің жартысы шелекке, ал қалған сүттің \(\frac{1}{5}\)-і құмыраға құйылды. Бидонда неше литр сүт қалды?

  6. Жарысқа қатысқан оқушылар ішінен 6 оқушы жеңімпаз атанды. Ол барлық оқушының \(\frac{2}{5}\) бөлігіне тең. Жарысқа неше оқушы қатысты?

  7. Бірінші күні 36 кг көгөніс сатылды. Бұл екінші күні сатылған көгөністің \(\frac{1}{4}\)-індей. Екі күнде неше көгөніс сатылды?

  8. Құйма массасының \(\frac{3}{5}\) бөлігі мыс. 240 г құймада неше грамм мыс бар?

  9. 1 алма 6 балаға теңдей бөлінді. Әр бала қанша алмадан алды?

  10. 6-ның \(\frac{2}{3}\) бөлігін табыңыз.

  11. Жұмысшы бірінші аптада жұмыстың \(\frac 13\) бөлігін бітірсе, екінші аптада алдыңғыға қарағанда \(\frac 1{12}\) бөлікке аз істеді. Жұмысшы 3 аптада 72 бөлшек шығарған болса, соңғы аптада қанша бөлшек жасаған?

  12. Белгісіз саннан 4 есе көп болатын саннан 3-ке аз санның ширегі 14,25 болса, белгісіз сан неге тең?

  13. Суретте бақтағы жеміс ағаштарының саны жайлы мәліметтер берілген. Бақта қанша түп шие ағашы бар екенін анықтаңыз және жауапта сол сан жататын аралықты белгілеңіз.

     

Қате туралы хабарландыру