Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру және салыстыру

Конспект

Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болады.

Мысалы, \(\frac{1}{8}\) және \(\frac{5}{6}\) бөлшектерін алайық. ЕКОЕ (6; 8) = 24, ендеше \(\frac{1}{8}\) мен \(\frac{5}{6}\)-тің ең кіші ортақ бөлімі 24.

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру үшін оның алымына да, бөліміне де көбейтілетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады.

Мысалы, \(\frac{1}{8}\) мен \(\frac{5}{6}\) бөлшектерінің толықтауыш көбейткіштерін табайық. \(\frac{1}{8}\)-дің толықтауыш көбейткіші: 24 : 8 = 3, ал \(\frac{1}{6}\)-дің толықтауыш көбейткіші: 24 : 6 = 4.

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру үшін:

  1. бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімін табу керек;
  2. әр бөлшектің толықтауыш көбейткіштерін табу керек;
  3. әр бөлшектің алымын да бөлімін де толықтауыш көбейткіштеріне көбейту керек.

Мысалы, \(\frac{5}{6}\), \(3\over4\) бөлшектерінің ортақ бөлімі: ЕКОЕ (6;4) = 12. \(\frac{5}{6}\)-ның

толықтауыш көбейткіші 12 : 6 = 2, \(\frac{3}{4}\)-тің толықтауыш көбейткіші 12 : 4 = 3.

 

Жай бөлшектерді салыстыру

Бөлімдері мен алымдары өзара тең бола алатын бөлшек тең бөлшектер деп аталады.

Мысалы, \({4\over8}={2\over4}={1\over2},\) т.с.с.

Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен (кіші) болса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады.

Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысының бөлімі кіші (үлкен) болса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады.

Бөлімдері мен алымдары әртүрлі бөлшектерді салыстыру үшін ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру керек.

Бірінші бөлшектің алымы мен екінші бөлшектің бөлімін, бірінші бөлшектің бөлімі мен екінші бөлшектің алымын көбейту арқылы салыстыруға болады. Қай бөлшектің алымына қатысты көбейтіндісі үлкен (кіші) болса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады.

Мысалы, \(7\over8\) мен \(5\over6\) бөлшектерін салыстырсақ, 7 · 6 > 8 · 5, ендеше \({7\over8}>{5\over6}\).

 



Сұрақтар
  1. \(12\over19\) бөлшегінің бөлімін өзгертпей, одан 3 есе кіші бөлшекті табыңыз.

  2. \(5\over24\) бөлшегінің алымын өзгертпей, одан 4 есе үлкен бөлшекті табыңыз.

  3. Бағдаршамда тоқтаған машиналардың \(\frac{1}{3}\)-і автобустар, \(\frac{1}{4}\)-і жүк машиналары, \(\frac{5}{12}\)-і жеңіл машиналар. Қай машиналардың саны ең аз?

  4. \({{1}\over{3}} \) үлесте неше \({{1}\over{15}}\) үлес бар?

  5. Теңдеуді шешіңіз: (27х – 81) : 3 = 18

  6. Бөлшекті қысқартыңыз.

       \({{9+36}\over{9\cdot25}}\)

  7. Тіктөртбұрыштың ені 20 см, ұзындығы одан 3 есе артық. Периметрі осы тіктөртбұрыштың периметріне тең, квадраттың ауданын табыңыз.

  8. \(33333\over77777\) бөлшегін қысқартыңыз.

  9. Егер Асан 4 ойын билетін алса, 70 теңге артылып қалады, ал 5 билет алса, 70 теңге жетпейді. Асанның қанша ақшасы бар?

  10. \(\frac{7}{20}\) және \(\frac{5}{12}\) бөлшектерінің ең кіші ортақ бөлімін табыңыз.

  11. a және b бағандарындағы сандар арасындағы сәйкестіктерді табыңыз

    5 метрлік бөренені өзара тең 7 бөлікке бөлгендегі шыққан шөркелердің ұзындығы

    6 метрлік бөренені өзара тең 10 бөлікке бөлгендегі шыққан шөркелердің ұзындығы

    a b
  12. Мансұр жарыс кезінде бірінші тапсырманы \(\frac 34\) сағатта, ал екінші тапсырманы \(\frac 57\) сағатта орындады. Дұрыс жауапты (-тарды) табыңыз.

  13. Бір трактор жалғыз өзі егістік жерді 12 сағатта, екіншісі сол жерді 8 сағатта жыртып шығады. a- бірінші трактордың 7 сағатта жыртатын жері в-екінші трактордың 5 сағатта жыртатын жері болса, төмендегі жауаптардың арасынан дұрысын (-тарын) анықтаңыз.

  14. Ең үлкен және ең кіші сандарды табыңыз. 

    7; \(4\sqrt 3; 6\frac 76;5\sqrt 2\); 7,(1)

Қате туралы хабарландыру