Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жай бөлшектерді және аралас сандарды қосу

Конспект

Жай бөлшектерді қосу

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда, олардың алымдарын қосып, алым етіп, бөлімінде сол бөлімнің өзін қалдыру керек, яғни:

\({a\over c}+{b\over c}={a+b\over c}\)

Мысалы, \({3\over7}+{2\over7}={5\over7}\).

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу үшін, оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.

Мысалы, \({7\over12}+{4\over15}={35\over 60}+{16\over60}={51\over60}\).

 

Аралас сандарды қосу

Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін:

  1. бүтін бөліктерін бүтін бөліктеріне қосып, бүтін бөлік етіп;
  2. бөлшек бөліктерін бөлшек бөліктеріне қосып, бөлшек бөлігі етіп жазу керек.

Мысалы, \(1{2\over9}+2{5\over9}=3{7\over9}\).

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу үшін:

  1. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
  2. бөлімдері бірдей аралас сандарды қосуды орындау керек.

Мысалы, \(3{3\over8}+1{1\over6}=3{9\over24}+1{4\over24}=4{13\over24}\).



Сұрақтар
  1. Бірінші қорапта – \(\frac{3}{10}\) кг, екінші қорапта \(\frac{3}{5}\) кг кәмпит бар. Екі қорапта қанша кәмпит бар?

  2. Қосуды орындаңыз.

    \(({5\over24}+{11\over60})+({13\over60}+{1\over24})\)

  3. Амалдарды орындаңыз.

      \({{1}\over{5}}+{{1}\over{9}}+{{1}\over{3}}\)

  4. Теңдеуді шешіңіз.

    \(x-{2\over7}={3\over4}\)

  5. Қосындысын табыңыз.

    \({{3}\over{7}}+{{1}\over{9}}\)

  6. Қосуды орындаңыз.

    \({{6}\over{13}}+{{5}\over{13}}+{{2}\over{13}}\)

  7. Қосындыны табыңыз.

     \(5{{1}\over{3}}+1{{1}\over{3}}\)

  8. Бақылау жұмысынан сыныптағы оқушылардың \(\frac{1}{6}\)-і «5», \(\frac{1}{3}\)-і «4» алды. Егер 15 оқушы «4» пен «5» алса, сыныпта барлығы қанша оқушы болған?

  9. 996 м қашықтықты Мирас 10 минутта, Дархан 12 минут жүріп өтеді. Егер олар бір-біріне қарама-қарсы жүрсе, онда бір-біріне қандай жылдамдықпен жақындайды?

  10. Есептеңіз.

       \(10{{1}\over{12}}+9{{3}\over{5}}\)

  11. Амалды орындаңыз.

     \(3{3\over4}+{7\over9}\)

  12. Есептеңіз. 

     \(8+5{{5}\over{13}} \)

  13. Тігінші орам матадан \(20{1\over2}м\) матаны костюм тігуге,  \(18{1\over4}м\) матаны пальто тігуге алғанда, \(3{3\over4}м\) мата қалды. Орамда неше метр мата болған?

  14. Қосуды орындаңыз.

       \(3{{1}\over{2}}+1{{5}\over{6}}\)

  15. Өрнектің мәнін табыңыз.

    \(\frac1{1\cdot 2}+\frac1{2\cdot3}+\frac1{3\cdot4}+\frac1{4\cdot5}+\frac1{5\cdot6}+\frac1{6\cdot7}+\frac1{7\cdot8}+\frac1{8\cdot9}+\frac1{9\cdot10}+\frac1{10\cdot11}\)

Қате туралы хабарландыру