Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жай бөлшектерді және аралас сандарды азайту

Конспект

Жай бөлшектерді азайту

Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту үшін алымынан алымын азайтып, алым етіп жазып, бөліміне сол бөлімінің өзін қалдыру керек.

  Мысалы, \({9\over 13}-{3\over13}={9-3\over13}={6\over13}\).

Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін, оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтуды орындау керек.

  Мысалы, \({13\over15}-{7\over12}={52\over60}-{35\over60}={52-35\over60}={17\over60}\).

Натурал саннан бөлшекті азайту үшін:

   1. Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жазып, бөлшектерді азайтуды орындау керек.

         Мысалы, \(3-{4\over7}={21\over7}-{4\over7}={17\over7}=2{3\over7}\).

   2. Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең аралас сан түрінде жазып, бөлшектерді азайтуды орындау керек.

         Мысалы, \(3-{4\over7}=2{7\over7}-{4\over7}=2{3\over7}\).

 

Аралас сандарды азайту

Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін бүтін бөліктерінің айырмасын тауып, бүтін бөлік етіп, бөлшек бөліктерін азайтып, бөлшек бөлігі етіп жазу керек.

  Мысалы, \(3{6\over7}-1{3\over7}=2{6-3\over7}=2{3\over7}\).

Егер азайғыш аралас санның бөлшек бөлігі азайтқыш аралас санның бөлшек бөлігінен кіші болса, азайғыштың бүтін бөлігінен 1 бүтінді бөлшек түрінде жазып, бөлшек бөлігіне қосып, оны аралас бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Одан соң бөлімдері бірдей аралас санды азайтуды орындау керек.

  Мысалы, \(7{1\over5}-2{3\over5}=6+{5\over5}+{1\over5}-2{3\over5}=4{3\over5}\).

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды азайту үшін:

    1. Аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.

         Мысалы, \(7{5\over6}-4{2\over5}=7{25\over30}-4{12\over30}=3{13\over30}\).

    2. Натурал саннан аралас санды азайту үшін натурал санды аралас сан түрінде жазып, аралас сандарды азайту керек.

         Мысалы, \(10-7{5\over8}=9{8\over8}-7{5\over8}=2{3\over8}\).

    3. Аралас саннан натурал санды азайту үшін аралас санның бүтін бөлігінен натурал санды азайтып, бөлшек бөлігін сол қалпында қалдыру керек. 

          Мысалы, \(7{2\over5}-4=3{2\over5}\).



Сұрақтар
  1. Есептеңіз.

     \(3-1{{4}\over{11}}\)

  2. Азайтуды орындаңыз.

      \(5{{1}\over{3}}-{{4}\over{9}}\)

  3. Амалды орындаңыз.

      \(6{{3}\over{4}}-2{{2}\over{3}}\)

  4. Бөлшекті азайтыңыз.

     \({{5}\over{12}}-{{13}\over{72}}\)

  5. Есептеңіз.

      \(16-{{5}\over{7}}\)

  6. Теңдеуді шешіңіз.

    \({{8}\over{27}}+m={{17}\over{27}}\)

  7. Қоспаның \(\frac{5}{8}\)-і алтын, қалғаны күміс. Қоспа құрамындағы алтынның күмістен қанша бөлігі артық?

  8. Есептеңіз.

     \(({{1}\over{2}}-{{1}\over{5}})-({{4}\over{15}}-{{7}\over{30}})-{{2}\over{15}}\)

  9. Есептеңіз.

      \((29-6{{5}\over{8}})-(4-{{5}\over{7}})\)

  10. Шеге салынған жәшіктің массасы \(28{{4}\over{5}} \;кг\), ал жәшіктің массасы \(1{{3}\over{4}} \;кг\). Жәшікте қанша килограмм шеге бар?

  11. Велосипедші 51 км қашықтықты 4 сағатта, ал мотоциклші 186 км қашықтықты 5 сағатта жүрді. Мотоциклшінің жылдамдығы қанша артық?

  12. Дүкен үш күнде 1206 кг алма сатты. Бірінші және екінші күндері  \(825{{3}\over{4}} кг\), ал екінші және үшінші күні  \(849{{1}\over{5}} кг\)  алма сатылды. Дүкенде екінші күні қанша килограмм алма сатылды?

  13. Шебер тапсырманы 5 сағатта, ал оның шәкірті 7 сағатта орындайды. Шебер 2 сағат, шәкірті 3 сағат жұмыс істегенде, тапсырманың қанша бөлігі орындалмай қалады?

  14. Тапсырманы бірінші шебер 2 күнде, ал екінші шебер 3 күнде орындайды. Екеуі бірігіп, тапсырманы 1 күнде орындаса, қанша бөлік орындалмай қалады?

Қате туралы хабарландыру