Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жай бөлшектерді көбейту. Санның бөлігін табу

Конспект

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек, яғни \({a\over b}\cdot{c\over d}={ac\over bd}\).

Мысалы, \({7\over10}\cdot{5\over7}={7\cdot5\over10\cdot7}={35\over70}={1\over2}\).

Бөлшекті натурал санға көбейту үшін натурал санды бөлшектің алымына көбейтіп, алым етіп жазып, бөлімін сол қалпында жазу керек.

Мысалы,  \({3\over7}\cdot5={3\cdot5\over7}={15\over7}=2{1\over7}; \\ 6\cdot{2\over5}={6\cdot2\over5}={12\over5}=2{2\over5}.\)

Санның берілген бөлігін табу үшін берілген санды бөлшекке көбейту керек.

Мысалы, \(1{1\over5}\)-дің \({1\over3}\) бөлігін табу үшін: \(1{1\over5}\cdot{1\over3}={6\over5}\cdot{1\over3}={2\over5}\).

 



Сұрақтар
  1. Теңдеуді шешіңіз.

    \(9\cdot(x-3{{1}\over{2}}\cdot{{4}\over{7}})=0\)

  2. Көбейтуді орындаңыз.

     \(1{{5}\over{6}}\cdot8{{2}\over{11}}\cdot{{4}\over{9}}\) 

  3. Амалдарды орындаңыз.

     \(({{3}\over{4}}+{{1}\over{20}})\cdot{{1}\over{2}}\)

  4. Жаяу адамның жылдамдығы \(4{1\over2}\) км/сағ, ол \(3{1\over3}\) сағатта қанша жол жүреді?

  5. Көбейтуді орындаңыз.

      \(2{{7}\over{9}}\cdot3{{3}\over{5}}\) 

  6. Көбейтуді орындаңыз.

     \(3{{1}\over{4}}\cdot8\)

  7. Көбейтуді орындаңыз.

    \({4\over9}\cdot{1\over2}\)

  8. Есептеңіз.

    \(({3\over4}+{1\over5})\cdot{5\over19}\)

  9. Шыны құрамындағы құмның үлесі \({5\over8}\)-ке тең. Әктің үлесі қалған бөліктің \(1\over3\)-не тең. Шыны құрамындағы әктің үлесі қандай?

  10. \({2\over3}\)-нің \({9\over10}\) бөлігін табыңыз.

  11. \({1\over12}+{1\over15} \) қосындысының \(4{2\over3}\) бөлігін табыңыз.

  12. Бірінші себетте 48 алма бар, ал екінші себеттегі алма оның \({5\over8}\)құрайды. Екі себетте неше алма бар?

Қате туралы хабарландыру