iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жай бөлшектерді бөлу. Бөлігі бойынша санды табу
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек, яғни \({b\over a}:{c\over d}={b\over a}\cdot{d\over c}={bd\over ac}\).
Мысалы, \({3\over 7}:{3\over 5}={3\over 7}\cdot{5\over 3}={3\cdot5\over 7\cdot3}={15\over21}={3\over7}\).
Аралас санды аралас санға бөлу үшін оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.
Мысалы, \(2{1\over5}:3{1\over2}={11\over5}:{7\over2}={11\over5}\cdot{2\over7}={22\over35}\).
Натурал санды бөлшекке бөлу үшін натурал санды бөлшектің кері санына көбейту керек.
Мысалы, \(3:1{1\over2}=3:{3\over2}=3\cdot{2\over3}={6\over3}=2\).
Бөлшекті натурал санға бөлу үшін натурал санды бөлшектің бөліміне көбейту керек.
Мысалы, \(3{1\over2}:5={7\over2}:5={7\over2\cdot5}={7\over10}\).
Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
Мысалы, \(2 \over 3\)-сі 6-ға тең санды табу үшін:
\(6:{2\over3}=6\cdot{2\over3}=9\).
-
\(4\over7 \) бөлігі 16 болатын санды табыңыз.
-
Сыныптағы оқушылардың 3/5-і түрлі үйірмелерге қатысады. Оның 2/3-сі спорт үйірмесіне қатысады. Спортқа қатысатын оқушылардың саны 12 болса, сыныпта неше оқушы бар?
-
Бөлуді орындаңыз.
\({3\over4}:{5\over8}\)
-
Теруші бірінші күні шығарманың 24 бетін терді, бұл шығарманың барлық бетінің 0,3-індей. Шығарма неше беттен тұрады?
-
Тиін шамамен 6 жыл өмір сүреді. Бұл қоян өмір сүретін жастың \(3\over5\)-іне тең. Қоян неше жыл өмір сүреді?
-
Бөліндіні табыңыз.
\(3{{1}\over{5}}:2{{2}\over{15}}\)
-
Теңдеуді шешіңіз.
\({{2}\over{9}}x={{5}\over{12}}\)
-
Амалдарды орындаңыз.
\({3\over8}\cdot{4\over5}:{9\over10}\)
-
Катердің меншікті жылдамдығы \(15{1\over2}\)км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы \(2{1\over4}\)км/сағ. Катер 71 км қашықтықты ағыс бойымен қанша сағатта жүзіп өтеді?
-
Амалдарды орындаңыз.
\((2{3\over5}-{5\over8}):19{3\over4}\)
-
Есептеңіз.
\(4{1\over4}\cdot1{3\over5}:3{2\over5}\)
-
Бассейнге \(1600 \ м^3\) су құйылған, бұл бассейннің бүкіл көлемінің 40%-не тең. Бассейннің көлемін және оны толтыру үшін тағы қанша су құю керектігін табыңыз.