
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
6-нұсқа
-
Өрнектің мәнін табыңыз: 24x² – 2 – (3x – 4) ∙ (8x + 2), мұндағы x = 1,5
-
\(\frac{x-4}{x}=\frac{2x+10}{x+4}\) теңдеуін шешіңіз
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: \(\begin{cases} 8^{x+y}=64\\x-y=2 \end{cases}\)
-
Пойыз 245 км қашықтықты 3,5 сағ жүреді. Пойыз осы жылдамдықпен 175 км қашықтықты неше сағат жүретінін табыңыз
-
Теңсіздіктің ең кіші бүтін шешімінің квадратын табыңыз: \(log_7(3x+1)\geq2\)
-
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: \(\begin{cases} \sqrt{x}>-2019\\\frac{4x-7}{5}-3<x\end{cases}\)
-
Арифметикалық прогрессия \(a_n=6n-2\) формуласымен берілген. Прогрессияның он бірінші мүшесін табыңыз
-
Материялық нүкте s(t) = 2t³ – t (s-метрмен, t-секундпен өлшенеді) түзусызықты қозғалысы заңына сәйкес қозғалады. Нүктенің t = 2 c мезеттегі үдеуін анықтаңыз
-
\(\breve{BC}:\breve{AB}\) = 2 : 3. \(AB\) доғасының градустық өлшемін табыңыз
-
Пирамиданың табаны диагональдары \(2\sqrt{3}\) см және 4 см-ге тең параллелограмм. Пирамиданың биіктігі табанының кіші диагоналына тең. Пирамиданың диагоналдық қималарының ауданын табыңыз.
-
265 саны 15; 20; ... арифметикалық прогрессиясының нешінші мүшесі екенін анықтаңыз
-
Өрнектің мәнін табыңыз: \(\frac{ctg\frac{3\pi}{4}+cos\frac{\pi}{2}}{sin\frac{2\pi}{3}-tg\frac{\pi}{5}ctg\frac{\pi}{5}}\)
-
Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз: \(\begin{cases} \sqrt{x-5}<3\\\sqrt{x-6}>-4 \end{cases}\)
-
Интегралды есептеңіз: \(\int \frac{6x-5}{1-3x}dx=?\)
-
Сурет бойынша y-ті табыңыз
-
Кітап бағасы бірінші айда 30%-ке арзандады, ал екінші айда соңғы бағасы 30%-ке қымбаттаған соң оның бағасы 2275 теңге болды. Кітаптың ең алғашқы бағасын табыңыз
-
Төбелері A(1; 1), B(5; 1) және C(3; 4) нүктелерінде орналасқан үшбұрыш берілген. Осы үшбұрыштың координаталар бас нүктесіне қатысты В төбесіне симметриялы нүктенің координатасын табыңыз.
-
Дүкенге әкелінген көкөністің бірінші күні 35%-і, ал екінші күні 28%-і сатылды. Үшінші күні қалған 333 килограмы сатылды. Дүкенге барлығы неше килограмм көкөніс әкелінгенін табыңыз
-
Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз: \(\begin{cases} \frac{5x^2-16x+3}{2x^2+x-6}\leq0, \\ x^2-25<0. \end{cases}\)
-
Диагоналі \(2\sqrt3\) cм болатын кубтың көлемін табыңыз
-
Өрнекті ықшамдаңыз: (a – 5)² – 2(a – 5)(a + 5) + (a + 5)²
-
Теңдеуді шешіңіз: \(7\cdot49^x=2\cdot 4^x\)
-
Егер \((x;\;y)\) жұбы \(\begin{cases} 2^{x-y}=4^y, \\\frac 6x+\frac{1}{5y}=1 \end{cases}\) теңдеулер жүйесінің шешімі болса, \(\frac xy\) өрнегінің сан мәні тиісті болатын аралық(тарды)ты көрсетіңіз.
-
9 сылақшы 8 күнде 72 үйдің қабырғасын бояйтын болса, өнімділігі осындай сегіз сылақшы 10 күнде осындай неше үйдің қабырғасын бояйтынын табыңыз, табылған шаманың сандық мәні жатқан аралықты көрсетіңіз?
-
\(\frac{x-3}{4}+\frac{5-x}{3}<\frac{7-x}{6}\) теңсіздігінің оң бүтін шешім(дер)ін табыңыз
-
m-нің қандай мәнінде теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болатынын табыңыз: \(\begin{cases} x^2+y^2=6\\x+y=m\end{cases}\)
-
f(x) = tg2x функциясына сәйкес барлық дұрыс тұжырым(дар)ды көрсетіңіз
-
Бір шеңбер екінші шеңбердің ішінде орналасқан. Радиустары 28 см және 12 см-ге тең, ал ең жақын нүктелерінің арақашықтығы 10 см. Центрлерінің арақашықтығын табыңыз
-
y = ln(ctg2x) функциясының туындысын табыңыз
-
Егер A(3; 0; 1) және B(–1; 4; 3) болса, онда M(–1; 1; 2) нүктесінен АВ кесіндісінің ортасына дейінгі арақашықтықты табыңыз