Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

9-нұсқа



Сұрақтар
  1. II A топ элементтеріне тән қасиет(тер) 

  2. \(NaCl, NH_4Cl, K_2CO_3\) ерітінділеріне лакмус құйғанда 

  3. VIA топша элементтерінің электрондық конфигурациясы 

  4. Тұнба түсетін реакция 

  5. \(Na_2O_2 + CO_2 \to\) реакция нәтижесінде түзілетін зат

  6. \(CH_3 – CH(NH_2)– COOH\) қосылысын алу үшін қажетті заттар

  7. Дистильденген су құйылған стаканға аздап көк лакмусты тамызып, түтікше арқылы үрлегенде лакмустың қызаратындығын түсіндіретін процестің реакция теңдеуі

  8. Азот қышқылының массалық үлесі 50% , тығыздығы \(1, 31 \) \(г/см^3\), көлемі 200 мл ерітіндісі берілген. Осы ерітіндідегі таза азот қышқылының массасы

  9. Әлсіз электролит(тер)

  10. Қозған күйде \(ns^1np^3\) конфигурациясы бар атом(дар)

  11. Гидрогалогендену реакциясы Марковников ережесіне бағынатын көмірсутектер

  12. Тізбектегі "A" және "B" заттары

    \(Cu\to A\to CuSO_4\to B \to CuO\)

  13. 58,5 г алюминий карбиді сумен әрекеттескенде түзілетін метанның шығымы теориямен салыстырғанда 80% болса, метанның массасы

  14. Атмосферада «қышқыл жауын» түзілу үшін келесі өзгеріс жүзеге асу керек

  15. Бірнегізді карбон қышқылдарының изомериясы басталады

  16. Бензолды жоғары қысымда никель, платина, палладий өршіткілері қатысында қыздырса сутекті қосып алып

  17. Температурасы 30°C-қа төмендеп, реакция жылдамдығы 27 есе кемігенде, онда реакцияның температуралық коэффициенті

  18. Қарама-қарсы зарядталған иондар арасындағы байланыс

  19. Сілтілік металдар орналасқан топ, топша

  20. Судың 1 молінің молярлық массасы

  21. Массасы 145,5 г гексахлоран алу үшін қажетті бензолдың массасы (г)

  22. 2 моль метан жанғанда жұмсалатын оттектің көлемі (қ. ж.)

  23. Негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай металдардың иондану энергиясы 

  24. Күкіртсутектегі күкірттің массалық үлесі

  25. A затын ауада қыздырғанда қиын балқитын В затын түзе ашық жалынмен жанады. В заты суда ерігенде ақ борпылдақ ұнтақ түзеді. В затының сулы ерітіндісі С затымен әрекеттесіп тіс пастасының негізін құрайтын Д затын түзеді. А заты

  26. Бейметал(дар) 

  27. Ерітіндіде хром (II) гидроксидінің оттекпен әрекеттесу теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы

  28. 10,8 г көмірсутек жанғанда 35,2 г көмірқышқыл және 13,34 л су бөлінді. Сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 27 болса, көмірсутектің зат мөлшері

  29. А көмірсутекті крекингілегенде көміртек атом сандары бірдей екі көмірсутек түзілді. Жеңілдеу В көмірсутегі дегидрленгенде каучук алуға қажетті С заты алынды. А, В, С заттары

  30. Массасы 6,4 күкірт жанғанда түзілетін күкірт (IV) оксидінің көлемі (л)

Қате туралы хабарландыру