
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-нұсқа
-
\(CaCl_2\), \(P_4\), \(SiO_2\)заттарындағы реті бойынша кристалды тор типтері
-
\(C_2H_{2n-2}\) жалпы формуласына сай қосылыс
-
\(9,03 \cdot 10^{24}\) оттек молекуласындағы зат мөлшері
-
9 кг глюкоза спирттік ашығанда түзелетін этанолдың (тығыздығы \(0,7 г/см^3\)) көлемі \((см^3)\)
-
Аминқышқылдарының құрамына кіретін функционалдық топтар
-
0,1 моль метандағы молекула саны
-
Магнийдің тығыздығы \(1,74 \;г/см^3\), көлемі \(150 \;см^3\) металл кесегіндегі магнийдің зат мөлшері
-
Химиялық лабораторияда тәжірибе жасау үшін лаборантқа 10% \(AgNO_3\) ерітіндісін дайындау керек. Лаборант ыдыста 15% 50 г ерітінді қалғанын байқады. Ерітінді дайындау үшін қажет судың массасы
-
Сүт өнімдерін ашытуда пайдаланылатын процестің реакция теңдеуі
-
Гидролизденбейтін тұздар
-
\(R_2O\) жоғарғы оксидін түзеді
-
Бензил, фенил радикалдары
-
Сутектік байланыс түзе алатын молекула(лар)
-
\(CuSO_4\) сулы ерітіндісінің электролизі кезінде анодта бөлінетін газ
-
\(CH_3CH_2OH \stackrel{H_2SO_4}{\longrightarrow}A \stackrel{HBr}{\longrightarrow}B\stackrel{NaOH}{\longrightarrow}C\) айналымдағы \(A, B, C\) заттары
-
Тротилдің формуласы
-
s-элементтер
-
Болаттың қасиеттерін құрамына лигерлеуші элементтер енгізіліп өзгертуге болады. Құрамына хром қосылған болаттың
-
Атомдағы электрондардың орналасуы бойынша \(2\stackrel{–}{e}\:7 \stackrel{–}{e}\) болатын элементтің сипаттамасы
-
Элементтің атомдық нөмірі білдіреді
-
Мұнайды химиялық өңдеу
-
Ковалентті байланыстың негізгі қасиеті
-
Натрий сульфидінің гидролизі нәтижесінде түзілетін реакция ортасы
-
3,9 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде 16,6 г металл йодиді түзілді. Реакцияға түскен металл
-
Көлемі (қ. ж.) 67,2 л ацетиленді гидраттағанда альдегид алынды. Ол тотығып 157,5 г сірке қышқылы алынды. Өнімнің шығымы (%)
-
A заты көкшіл ақ түсті, оны жоғары температурада сары түсті кристалл В затымен қыздырғанда түзілген С затын оттегінде жаққанда алынған Д затын көміртекпен тотықсыздандырып алынған А заты
-
Тек гетерогенді реакцияның жылдамдығы тәуелді
-
Массасы 342 г барий гидроксидінің 25%-тік ерітіндісі арқылы көлемі 8,96 л көміртек (IV) оксидін жібергенде түзілген тұнбаның массасы
-
Тәтті дәмді суда жақсы еритін А қосылысы ашығанда В заты және газ түзілді. В сұйық заты металл калиймен әрекеттесіп С газын бөлді. А, В, С заттары
-
Хромды алюминотермиялық әдіспен алу реакциясы теңдеуіндегі түзілетін металдың коэффициент саны