Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-нұсқа



Сұрақтар
  1. 60°С-та реакция  270 с аяқталады. Егер реакция жылдамдығының температуралық коэффиценті \(\gamma\) = 3 болса, реакция 80°С-та жүру үшін қажетті уақыт

  2. \(Ca(HCO_3)_2\)-ның 81 г 5%-дық ерітіндісіне орта тұз алу үшін қосылатын \(Ca(OH)_2\) массасы

  3. Көгілдір түсті ерітіндіге сілті қосқанда көк түсті тұнба пайда болды. Түзілген тұнбаны қыздырғанда пайда болатын қара түсті қатты зат формуласы

  4. \(CH_3 - CH(CH_3) - CH_2- OH\) қосылысы атауы

  5. Аминдердегі функциональдық топ

  6. \(NH_4NO_2 \rightarrow X \rightarrow NH_3 \rightarrow Y \rightarrow NO_2\) тізбегіндегі \(X, Y\)

  7. Молекулалық кристалдық тор түзетін, жеңіл балқитын ұшқыш зат. Оның оттекті қосылысы ақ түсті ылғал тартқыш ұнтақ, сумен әрекеттескенде лакмустың түсін қызыл түске бояйтын ерітінді пайда болады. Ал,оның тұздары барлық сүтқоректілердің сүйегін беріктік қасиет береді және тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады. Осы заттарға сәйкес келетін тізбек.

  8. Коваленттік полюсті байланыс

  9. Коваленттік байланыс

  10. \(C_2H_5OH\to CH_3COOH\) өзгерісіндегі реакция түрі

  11. Нейтрон саны 42 болатын элемент 

  12. Периодта солдан оңға қарай металдық қасиет

  13. ІІІ А топша элемент атомдарының жоғарыдан төмен қарай 

  14. Қосымша топша элементтері

  15. Медицинада сүйек сынықтарын электрофорезбен емдегенде және қымыздық қышқылмен улағанда, асқазанды шаю үшін кальций хлоридінің 2%-қ ерітіндісі қолданылады. 25 г кальций хлоридінің зат мөлшері

  16. Табиғатта күн сәулесі әсерінен өсімдіктерде түзілетін, өнеркәсіпте сұйық ауаны айдау арқылы алынатын зат

  17. Этаннан шығымы 85% этилен алынды. Этиленнен көлемі 0,606 л, тығыздығы 1,24 г/мл дихлорэтан еріткіші алынған болса, этиленді түзуге жұмсалған этанның көлемі (л)

  18. Қайтымсыз реакция

  19. Әлсіз электролит(тер) 

  20. Натрийдің қасиеті

  21. Сутекті қосылысында –4 тотығу дәрежесін көрсетеді

  22. Әрекеттескенде фосфор тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді

  23. Массасы  9 г Al мен Cu қоспасын тұз қышқылымен өңдегенде 5,6 л (қ.ж.) газ алынды. Қоспадағы мыстың массалық үлесі

  24. Тұздың 20%-қ 200 г ерітіндісімен 32%-қ 100 г ерітінді араластырылды. Ерітіндідегі заттың массалық үлесі (%)

  25. Температурасы 30°C-қа төмендеп, реакция жылдамдығы 27 есе кемігенде, онда реакцияның температуралық коэффициенті

  26. Метан молекуласының кеңістіктегі пішіні 

  27. Нәруыздардың кеңістікте оралып немесе бүктеліп орналасқан тұрақтандыратын байланыс

  28. Қызыл фосфордың ақ фосфордан ерекшелігі

  29. Күкірт қышқылының көлемі 500 мл, тығыздығы 1,12 г/мл, массалық үлесі 4,9%-қ ерітіндісі берілген. Ерітіндінің молярлық концентрациясы (моль/л)

  30. Ароматты көмірсутек

Қате туралы хабарландыру