iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Тынық мұхит және мұхиттық аралдар
Тынық мұхиты – жер шарындағы ауданы жөнінен ең үлкен мұхит. Тынық мұхиты Магелланның дүниежүзін айналу саяхаты кезінде ашылған. Магеллан Тынық мұхитта үш ай бойы жүзген кезде мұхит тыныш болған, соған байланысты мұхитты Тынық деп атаған. Шын мәнінде Тынық мұхит өз атына сай емес. Жер қыртысы жиі қозғалу нәтижесінде жер сілкінулер, Цунами жиі байқалады. 1947 жылы норвег саяхатшысы Тур Хейердал жеңіл бальс ағашынан жасалған "Кон Тики" салысымен Перуана жағалауынан бастап Тынық мұхит пен оның аралдарының құпияларын ашуға арналған саяхаттарын жүргізді.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі Мариан шұңғымасы Тынық мұхитта. Мариан шұңғымасының тереңдігі 11022 м. Мариан шұңғымасы Тынық мұхитының ең үлкен теңізі – Филиппин теңізінде орналасқан.
1957 жылы Ресейдің "Витязь" ғылыми зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі Мариан шұңғымасын ашты.
Тынық мұхитында жекелеген суасты жоталарының саны он мыңнан асады, олардың басым көпшілігі жанартаулардың атқылауы нәтижесінде қалыптасқан. Бұл жоталардың су бетіне шыққан бөлігі аралдарды тобын құрайды. Тынық мұхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобы Гавай аралдары болып саналады. Мұнда сөнбеген Мауна-Лоа жанартауы бар, оның биіктігі 4170 м.
Тынық мұхиты солтүстік полярлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді қамтиды. Солтүстік Мұзды мұхиттың суларынан құрлық арқылы бөлініп жатқандықтан, судың температурасы мұхиттың солтүстігіне қарағанда оңтүстігінде төмен болады.
Тынық мұхиттағы тіршілік алуан түрлі, өсімдіктер мен жануарларға өте бай. Оның басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен айырмашылығы өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы кездеседі.
Тынық мұхит жағалауларында Жер шары халқының тең жартысы мекендейтін 50 ел орналасқан. Бұл елдердің халықтары ежелден-ақ мұхит байлығын пайдаланып келеді. Көптеген елдер мұхит суынан түрлі пайдалы қазбалар, ал мұхит қайраңдарынан мұнай өндіреді.
Тынық мұхитының орталық және оңтүстік батысында шоғырланған аралдар тобын Мұхит аралдары деп атайды. Мұндағы аралдардың саны 7 мыңнан асады. Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф. Магеланның дүниежүзін айналу саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл мәліметтерді ағылшын саяхатшысы Д.Кук пен орыс саяхатшылары толықтырды.
Мұхит аралдары тарихи, географиялық ерекшеліктеріне байланысты Меланезия ("қара аралдар"), Микронезия ("ұсақ аралдар"), Полинезия ("көп аралдар") және Жаңа Зеландия болып бөлінеді. Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалысы Н.Н. Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табиғаты, халқы туралы еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшының құрметіне қойылған географиялық атаулар көп.
Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел – Жаңа Зеландия. Жаңа Зеландия жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады.
Ф. Магеллан
Миклухо-Маклай
-
Тынық мұхитының ауданын табыңыз.
-
Тынық мұхиттың ауданына .. сыйғызуға болады.
-
Африкадан басқа барлық материктердің жағалауын шайып жатқан мұхитты табыңыз.
-
Мариан шұңғымасы орналасқан мұхитты белгілеңіз.
-
Мариан шұңғымасының тереңдігін өлшеген.
-
Тынық мұхиты мен оның аралдарын зерттеген саяхатшыны табыңыз.
-
1957 жылы Мариан шұңғымасының тереңдігін өлшеген ғылыми-зерттеу кемесінің атауын табыңыз.
-
Ең алғашқы аквалангты ойлап тапқан.
-
Тынық мұхиттағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобын көрсетіңіз.
-
Мұхит аралдары ... саяхатынан кейін белгілі болды.
-
Жаңа Гвинея аралындағы папуастардың тұрмыс-тіршілігін зерттеген ғалым-саяхатшыны көрсетіңіз.
-
Дүниежүзіндегі ең ірі сүтқоректіні көрсетіңіз.
-
Тынық мұхитында жойылып кеткен теңіз жануарын табыңыз.
-
Тынық мұхитында басқа мұхиттарда кездеспейтін жануарлардан мыналар кездеседі:
-
Көптеген елдер Тынық мұхиты қайраңынан ... өндіреді.
-
Тынық мұхитында ... белдеуден басқа барлық климаттық белдеулер кездеседі.
-
Тынық мұхитының беткісуларының тұздылығының төмен болу себебін анықтаңыз.
-
Тынық мұхитындағы аралдар доғасының шығу тегін табыңыз.
-
Тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай Мұхиттық аралдардың бөлінуін анықтаңыз.
-
Гавай аралындағы белсенді жанартауды белгілеңіз.
-
Жаңа Зеландияның ежелгі халқын белгілеңіз.
-
Жаңа Гвинеяның ежелгі тұрғындарын табыңыз.
-
Жаңа Зеландия эндемиктерін табыңыз.
-
Жаңа Зеландияда мүлдем кездеспейді.
-
Мұхиттық аралдардағы ең дамыған елді табыңыз.
-
Солтүстік және оңтүстік полюстарға жақын орналасқан аралдар
-
Тынық мұхиты тақтасының қозғалуынан пайда болған
-
Қай ақпарат Мұхит аралдарына сәйкес емес
-
Қандай мемлекеттерде цунами болу мүмкіндігі басым
-
Мұхит аралдарына қатысты дұрыс берілген мәлімет (-тер)
-
Тынық мұхит туралы дұрыс мәлімет (-тер)
-
Тынық мұхиттық аралдардың физикалық-географиялық орны
-
Солтүстік және оңтүстік полюстарға жақын орналасқан аралдар
-
Мұхит аралдарына сәйкес келетін мәлімет (-тер)
-
Цунами болу қаупі басым мемлекет (-тер)
-
Аралдар туралы теріс ақпарат
-
Тынық мұхит аралдарына сәйкес координаттар