iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Антарктида. Жер – біздің ортақ үйіміз
Антарктида – ең соңғы ашылған материк. Оңтүстікте белгісіз жердің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден белгілі болған. Еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған саяхаттары сәтсіздікке ұшырап, мақсатына жете алмаған. Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П. Лазарев басқарған "Восток" желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып саналады.
Антарктида – Жер шарындағы ең биік материк. Материктің мұз жамылғысымен қосылғандағы орташа биіктігі 2040 м құрайды.
Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон тауы, оның биіктігі 5140 м. Антарктидада таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатады, ал қалған бөлігі қалың мұз қабатының астында жатыр.
Антарктидадағы Росс теңізінің жағалауында сөнбеген жанартау Эребус орналасқан. Бұл тау түзілісінің әлі де жүріп жатқанын көрсетеді. Антарктида материгіндегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүниежүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды.
Антарктида материгінің орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске норвег саяхатшысы Руаль Амундсен 1911 жылы желтоқсан айында жетті. Антарктиданың қатал табиғаты жағдайында полюске жету мен кері қайту саяхатшыларға оңайға түскен жоқ. Ит жеккен шанамен жүрген Р.Амундсен экспедициясы 99 күннен кейін аман-сау қайта оралды. Антарктида материгін жүйелі зерттеу ісі 1957-1958 жылдар Халықаралық геофизикалық жыл деп жариялануына байланысты қарқынды жүргізіле бастады.
Халықаралық геофизикалық жылдар шеңберінде, яғни 1957-1958 жылдары Ресей мен басқа 11 мемлекет Антарктида жағалауларындағы аралдарда 57 база құрып, зерттеулер жүргізе бастады. Антарктиданы жаппай мұз басу Аустралиядан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжыған кезде басталған. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м, ал ең қалың жері 4300 м ден асады.
Жер шарындағы ең төменгі температура Антарктиданың "Восток" стансасында тіркелген. Бұл станса жер шарының суық полюсінде тұр. Мұнда -89°С температура тіркелген. Мұндай өте төмен температура жағдайында металл шыны сияқты сынады, адамның өкпесі мен көзінің жұқа қабығы үсиді, тістің жылтыр қабаты шытынайды. Мұндай температура жағдайында зерттеулер жүргізу үшін арнай киімдер киюге тура келеді. Жер шарындағы ең төмен температура тіркелгендіктен, бұл станса Жер шарының суықтық полюсі деп аталады.
Антарктидада табиғатының қаталдығына байланысты өсімдіктер мен жануарлар жоқ десе де болады. Материктің мұздан босаған жағалық бөліктері мен аралдарда мүк, қына, ұсақ балдырлар өседі.
Антарктида жағалауында құстардың ерекше түрі пингвиндер көп таралған.
Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны Адели деп аталатын кішкене пингвин.
Антарктидаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант, Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан Батыс Желдері суық ағысы арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан басқа мұхиттардан үлкен айырмашылық бар. Сол себепті Антарктида жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады.
Беллинсгаузен
Лазарев
Винсон тауы
Эребус жанартауы
Император пингвині
-
Антарктиданың ашылған күнін белгілеңіз.
-
Жер шарындағы ең биік материкті табыңыз.
-
Антарктидадағы сөнбеген жанартауды көрсетіңіз.
-
Антарктида материгінің ең биік нүктесін белгілеңіз.
-
Дүниежүзілік тұщы судың 80%-ы шоғырланған материкті көрсетіңіз.
-
Антарктиданың орташа биіктігін табыңыз.
-
Антрактиданың орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске алғаш жеткен саяхатшыны табыңыз.
-
Антрактида материгін жүйелі зерттеу басталған жылды белгілеңіз.
-
Халықаралық геофизикалық жылды анықтаңыз.
-
Антарктида мұздықтарының орташа қалыңдығын табыңыз.
-
Жер шарындағы ең төменгі температура тіркелген жерді табыңыз.
-
Антрактида өсімдігін белгілеңіз.
-
Антарктидада пингвиндердің қанша түрі бар екенін табыңыз.
-
Антарктидада ең көп тараған пингвин түрін көрсетіңіз.
-
Восток стансасында жер шарындағы ең төмен температура тіркелген.
-
Жер шарының суықтық полюсі.
-
Антрактидадағы мұз жамылғысы күн сәулесінің қанша пайызын кері шағылыстырады?
-
Антарктида жағалауындағы суларды шартты түрде ... деп атайды.
-
Антарктиданың мұздан босаған жағалық биік бөліктерінің атауын табыңыз.
-
Антарктида жағалауындағы ең ірі суық ағысты белгілеңіз.
-
Халықаралық "Қызыл кітап" ұйымдастырылған жылды табыңыз.
-
Экология терминін ғылымға енгізген ғалымды табыңыз.
-
Халқы саны жөнінен көзге түсетін елдер санын белгілеңіз.
-
Халық санын реттеуге бағытталған саясат жүргізетін елдерді табыңыз.
-
Бірұлтты елдерді табыңыз.
-
Антарктиданың басқа материктермен ұқсастығы
-
Антарктидаға қатысы жоқ мәлімет (-тер)
-
Антарктида нысаны (-дары)
-
Антарктида зерттеуіне қатысты дұрыс мәлімет (-тер)
-
Антарктида климатына қатысты мәлімет (-тер)
-
Антарктиданың басқа материктерден айырмашылығы (-тары)
-
Антарктида туралы ақпарат
-
Антарктиданың жағалауын шайып жатқан теңіз (-дер)
-
Теңіз мысығы, теңіз пілі, теңіз қабыланы – барлығы бірге мекен ететін жер (-лер)