Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Аустралия

Конспект

Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Аустралия жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орынға ие. Материктің ауданы, маңындағы аралдармен қоса есептегенде, 7,6 млн шаршы шақырым.

 

Материк атауы латын тілінен аударғанда, "оңтүстік" деген мағына береді. Себебі Аустралия материгі түгелімен оңтүстік жарты шарда орналасқан және оны оңтүстік тропик шеңбері дәл ортасынан кесіп өтеді. Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты мұнда ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін жануарлар мен құстар (кенгуру, үйректұмсық т.б) тіршілік ететіндіктен, бұл материкті эндемиктер құрлығы деп атайды.

 

XVIII ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Аустралияның шығыс жағалауы мен Жаңа Зеландия аралын ашты. Аустралия материгінің теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік нүктесі Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі Косцюшко тауы, бұл таудың биіктігі 2228 м. Аустралия материгі Жер шарындағы ең аласа материк болып есептеледі, оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 215 м құрайды.

 

Аустралия Жер шарындағы ең құрғақ материк, себебі оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр. Үнді мұхиты алабына жататын Муррей өзені өзінің ең ірі саласы Дарлингпен бірігіп, Аустралияның ең ірі өзен жүйесін құрайды. Аустралияда беткі сулар тапшы болғанмен, жерасты суының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы орналасқан. Мұнда дүниежүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиен алабы орналасқан.

 

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл мен шөлейт зоналары алып жатыр. Бұл зоналардың барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ үнемі ыстық болғандықтан, булану мөлшері жоғары болады.

 

Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесі Үлкен Суайрық жотасы болып саналады. Үлкен Суайрық жотасының материктің шығыс бөлігінде орналасуының себебі – осы шығыс бөлікке палеозойлық құрылымдардың тән болып келуінде. Мұхит суы жазда +28 C-дан, ал қыста +24 C-дан төмен түспейтін жерлерде материк жағалауын бойлай түрлі пішіндегі маржан құрылымдар түзіледі. Маржан құрылымдардың ұзындығы 2300 шақырым, ені 2 шақырымнан 150 шақырымға дейін жетеді.

 

Тасмания аралы Аустралияның оңтүстігінде орналасқан. Аралды XVII ғасырда норвег саяхатшысы Абель Тасман ашқан. Тасман аралында Аустралиядағы бірден-бір жыртқыш аң тасман қалталы құбыжығы кездеседі.

 

Аборигендер Аустралия халқының тек 1%-ын құрайды. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. Олар ойлап тапқан бумеранг аңшылық қару ретінде қолданған. Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардың ұрпақтарынан материктің келімсек халқы аустралиялық ағылшындар қалыптасты. Олар аборигендерді шығыстағы табиғаты қолайлы жерлерден шөлдерге ығыстырған. Қазіргі кезде материк халқының 97,5 пайызын ағылшын аустралиялықтар құрайды.

 

Аустралия меринос қойларының саны жөнінен және жүн өндіруден дүниежүзінде бірінші орынды алады. Аустралияда қой шаруашылығын дамытуға қолайлы жайылымдық жерлер көп. Аустралияда 130 млн бас меринос қойы өсіріледі. Аустралия халқының көпшілігі теңізден 80 шақырымдық қашықтықта орналасқан, сол себепті ірі қалалардың барлығы осы белдеуде орналасқан. Аустралиядағы қала халқының үлесі 86%-ды құрайды. Ең ірі қалалары – Мельбурн, Сидней. Аустралия Одағының елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген. Бұл жануарлар тек Аустралияны ғана мекендейді.

 

Джеймс Кук

 

        

Кенгуру 

                                                                                                        

Коала

        

Аустралияның елтаңбасы     

                       

Тасмания қалталы құбыжығы                                              



Сұрақтар
  1. Аустралияның, аралдарды қоса есептегендегі, көлемін табыңыз.

  2. Аустралияның солтүстіктегі шеткі нүктесі:

  3. Латын тілінен аударғанда оңтүстік деген мағына беретін материк атауын табыңыз.

  4. "Эндемиктер" құрлығы.

  5. Аустралия материгінің теңіз деңгейінен ең биік нүктесін көрсетіңіз.

  6. Жер шарындағы ең құрғақ және теңіз деңгейінен есептегендегі ең аласа материкті белгілеңіз.

  7. Дүниежүзіндегі ең ірі маржан құрылымды атаңыз.

  8. Белсенді жанартаулары жоқ бірден-бір материкті белгілеңіз.

  9. Ең үлкен артезиан суы орналасқан мемлекетті табыңыз.

  10. Үлкен Суайрық жотасы Аустралияның ... бөлігінде орналасқан.

  11. Жер шарындағы ең құрғақ материкті атаңыз.

  12. Аустралияны оңтүстік тропик шеңбер кесіп өтетін бөлігін атаңыз.

  13. Аустралияның көп бөлігін алып жатқан табиғат зонасын табыңыз.

  14. Аустралияның ... субэкваторлық белдеу орналасқан бөлігін табыңыз.

  15. Аустралияның жаз айлары.

  16. Аустралияның қыс айлары.

  17. Аустарлияда соғатын шаңды дауылдар.

  18. Аустралияның жауын-шашын мол түсетін бөлігін табыңыз.

  19. Аустралияның суы мол өзенін табыңыз.

  20. Аустралияның ең ірі көлі.

  21. Муррей өзенінің ірі саласын анықтаңыз.

  22. Аустралиядағы кеуіп қалған өзендер арналарының атауын табыңыз.

  23. Аустралияның органикалық дүниесінің басқа материктерден айырмашылығынның себебін табыңыз.

  24. Аустралияның көп бөлігін алып жатқан табиғат зонасын табыңыз.

  25. Аустралия материгінің ауданы бойынша алатын орнын белгілеңіз.

  26. Аустралияда шөлдің көп таралу себебі (-тері)

  27. Аустралияға қатысты мәлімет (-тер)

  28. Аустралияның эндемиктері

  29. Аустралия өзендері мен көлдерінің сипаттамасы

  30. Аустралияға қатысты ақпарат

  31. Аустралияның абсолюттік биіктігі – 2228 м. Еуразияның ең биік нүктесімен салыстырмалы биіктігі

Қате туралы хабарландыру