Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Африка

Конспект

Африка – алып жатқан ауданы жөнінен Еуразиядан кейінгі екінші орынды алады. Африка – Жер шарындағы ең ыстық материк. Материктің атауы африги тайпасының атына байланысты шыққан.

Африкада жер шарындағы ең үлкен тропиктік шөл Сахара орналасқан. Оның алып жатқан ауданы 7 млн шаршы шақырымды құрайды. Сахарада ауаның температурасы күндіз 70° С-қа дейін қызады. Бір қызығы түнде адам қалтырап тоңатындай суық болады.

Бұл жақтағы адамдар арасында тамаққа суық тиіп ауыру кең таралған. Африканың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, оның биіктігі 5895 м.

Африка материгінің жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар аралы. Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып саналады. Мадагаскар аралында маймылдардың ерекше тобын құрайтын шағын денелі лемурлардың 26 түрі мекендейді. Сонымен қатар Мадагаскарда пальманың желпуіш тәрізді ерекше түрі – саяхатшылар ағашы кең таралған. Лемур мен саяхатшылар ағашы – Мадагаскар аралының символы.

Африкада жер шарындағы ең ұзын Ніл өзені ағып өтеді. Өзеннің Кагера деп аталатын саласымен қоса есептегендегі ұзындығы 6671 шақырымды құрайды. Ніл өзені ұзақ уақыт бойы Сахара тұрғындары мен еуропалықтар үшін жұмбақ болып келген. Олар Сахара арқылы ағып өтетін өзеннен қаншама су буланып, құмға сіңіп жатса да, жаңбыр сирек жауса да өзеннің суы таусылмай, аптап ыстықта арнасынан асып-тасып жататындығына таңғалған.

Африкадағы ең ірі көл – Виктория көлі. Оның ауданы 68 мың шаршы шақырым. Виктория көлі платформаның төмен түсіп, майысқан жерінде. Сондықтан көл онша терең емес, ең терең жері 80 метр.

Африкадағы ең терең көл – Танганьика көлі, оның тереңдігі 1470 м, ені 50-80 км, ұзындығы 650 шақырым, тереңдігі жөнінен Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.

Конго өзені – Африканың ең мол сулы өзені. Суының молдығы жөнінен Амазонкадан кейінгі екінші орынды алады. Конго өзені экваторды екі рет кесіп өтетіндіктен, жыл бойы суы мол болады.

Африка ежелден бері ғылым мен мәдениеттің ошағы болған. Египеттегі ежелгі пирамидалар, Александрия шамшырағы «Әлемнің жеті кереметі» қатарына жатады. ХХ ғ. басында Африкада тек қана екі тәуелсіз мемлекет (Либерия, Эфиопия) болған.

Оңтүстік Африка Республикасында Африканың көптеген жануарлары сақталып, қорғауға алынған. Аймақтағы ең ірі ұлттық парк "Крюгер" ұлттық паркінде" жануарлардың барлық түрі жиналған. Ұлттық паркті барған туристер арнайы жабдықталған көліктермен аралайды. Саяхаттың бұл түрі "сафари" деп аталады. Ал қазір материктің барлық елдері дерлік тәуелсіздік алған.

Шығыс Африкадағы Эфиопия таулы қыраты кофенің Отаны болып саналады. Кофе атауы мұндағы Каффа деген жердің атымен байланысты. Шығыс Африка елдерінде өсірілетін кофенің "арабика" деп аталатын түрі дүниежүзіне әйгілі. Африка пайдалы қазбаларға өте бай аймақ. Шөгінді жыныстар қалың жиналған бөліктерде таскөмірдің, мұнайдың, газдың ірі кен орындары таралған.

Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мұнайға бай. Халқының саны жөнінен Африкадағы ірі ел болып саналатын Нигерия – Батыс Африкада орналасқан. Мұнда 125 млн-нан астам адам тұрады. Астанасы – Абуджа қаласы. Нигерия – ауыл шаруашылықты ел. Климат жағдайларының қолайлылығына байланысты ауыл шаруашылық дақылдарынан бірнеше рет өнім жинайды. Африканың ауданы жөнінен ең ірі ел – Судан. Астанасы –Хартум қаласы. Судан ауданы жөнінен дүниежүзінде 10 орын алады.

 

        

Ніл өзені           

                                                                                            

Сахара
        

Саванна   

                                                                                                   

Керік

       

Африка түйеқұсы       

                                                                                 

Египет

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Египет халықтары



Сұрақтар
  1. Африканың жер көлемі ... шаршы шақырымды құрайды.

  2. Экватор сызығы кесіп өтетін, шеткі нүктелері жердің 4 бағытына қарай орналасқан материкті табыңыз.

  3. Африка материгі атауының шығу тарихы.

  4. Африканың шығыс шеткі нүктесі.

  5. Африканың оңтүстік шеткі нүктесі.

  6. Африканың солтүстік шеткі нүктесі:

  7. Африка материгін Мадагаскар аралынан бөліп жатқан дүниежүзіндегі ең ұзын бұғазды табыңыз.

  8. Жер шарындағы ең үлкен құрғақ тропиктік шөлді көрсетіңіз.

  9. Африканың ең биік нүктесін белгілеңіз.

  10. Шығыс Африкадағы шай өсіретін елді табыңыз.

  11. Африка мен Еуразияны жалғастыратын каналды табыңыз.

  12. Өмірінің басым бөлігін Африканың ішкі аудандарын зерттеуге арнаған ағылшын саяхатшысын көрсетіңіз.

  13. 1855 жылы Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшыны атаңыз.

  14. Қатты бидайдың Отанын табыңыз.

  15. "Биосфераның Алтын қорына" енгізілген.

  16. Африка – Арабия тақтасының Еуразия тақтасымен соқтығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп ... пайда болды.

  17. Африкадағы жер қыртысының ең ірі жарықтары өтетін ауданы:

  18. Африкада биік әрі ұзын тау тізбектерінің болмау себебін көрсетіңіз.

  19. Африка-Арабия литосфералық тақтасының Еуразия тақтасымен соқтығысуынан пайда болған түбекті белгілеңіз.

  20. Африка және Еуразия литосфералық тақталарының тоғысқан жерінде пайда болған тауды көрсетіңіз.

  21. Африканың жанартаулар көп орналасқан аймағы.

  22. Африканың оңтүстігіндегі тауды анықтаңыз.

  23. Африкадағы таулы қыратты табыңыз.

  24. Африканың солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтитын климаттық белдеуді көрсетіңіз.

  25. Африкадағы жауын-шашын ең көп түсетін жерді табыңыз:

  26. Конго өзенінің алабы орналасқан климаттық белдеуді белгілеңіз.

  27. Африканың көптеген өзендері құятын мұхитты табыңыз.

  28. Африканың өзен торабы жиірек таралған бөлігін көрсетіңіз.

  29. Жер шарындағы ең ұзын өзенді табыңыз.

  30. Ніл өзенінің бастауы.

  31. Конго қазаншұңқыры арқылы ағып өтетін өзенді табыңыз.

  32. Гвинея шығанағына құятын өзендерді табыңыз.

  33. Экваторды екі рет кесіп өтетін, Африканың ең суы мол өзені:

  34. Африкадағы кеуіп қалған өзен арналарының атауын табыңыз.

  35. Африканың ең суы мол өзені.

  36. Африканың ең терең және дүниежүзінің ең ұзын тұщы көлін көрсетіңіз.

  37. Көк Ніл өзені ағып шығатын көлді табыңыз.

  38. Жыл мезгілдеріне қарай аумағы өзгеріп отыратын Африкадағы ең таяз көл.

  39. Африкадағы ауданы жөнінен ең үлкен көлді табыңыз.

  40. Үнді мұхитына құятын Африка өзенін табыңыз.

  41. Африканың ең биік сарқырамасын табыңыз.

  42. Африка материгі жерінің 40%-ға жуығын алып жатқан табиғат зонасы.

  43. Африка саваннасында тіршілік ететін ірі жануарды табыңыз.

  44. Африкадағы өзен-көлдердің бойында тіршілік ететін жануар.

  45. Арыстан, гепард, бегемот тіршілік ететін табиғат зонасы.

  46. Адамдардың шаруашылық әрекеті нәтижесінде шеткі бөліктері шөлге айналып жатқан табиғат зоналарын табыңыз.

  47. Калахаридың тұрғындары сусын ретінде пайдаланатын өсімдік.

  48. Саваннадағы екпе өсімдіктер.

  49. Африканың шұраттарында өсірілетін тағамдық мәні бар өсімдік.

  50. Африкадағы тасты шөлдерді жергілікті халық ... деп атайды.

  51. Солтүстік Африка халықтары сөйлейтін тіл.

  52. Африканың газға бай елдері.

  53. Африканың экваторлық ормандарында тіршілік ететін аласа бойлы халық.

  54. Африка материгінің ең бойшаң адамдарын табыңыз.

  55. Негрлер мен моңғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан халық:

  56. Еуропалық нәсілдің өкілдері материктің ... мекендейді.

  57. ХХ ғ. басындағы Африканың тәуелсіз елдерін атаңыз.

  58. Африканың экономикасы дамыған мемлекетін көрсетіңіз.

  59. Араб Африкасы деп атайды.

  60. Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекетті табыңыз.

  61. Ежелгі пирамида орналасқан мемлекет.

  62. Оңтүстік Африкада ұзақ уақыт бойы ... сақталды.

  63. Ніл өзенінің бойындағы ең ірі қаланы табыңыз.

  64. Африканың монархиялық елдерін көрсетіңіз.

  65. Оңтүстік Африкаға Нидерландыдан көшіп келгендердің ұрпақтары.

  66. Африканың мұнайға бай аймағын табыңыз.

  67. Халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел.

  68. Кофенің Отанын атаңыз.

  69. Африканың Үнді мұхитында орналасқан ең ірі аралын табыңыз.

  70. Сахараның ежелгі тұрғындары.

  71. Оңтүстік Африка Республикасындағы ең ірі ұлттық саябақты табыңыз.

  72. Африкадағы дамыған жетекші ел.

  73. Оңтүстік Африкадағы аралдық мемлекетті табыңыз.

  74. Оңтүстік Африка Республикасының астанасы.

  75. Африканы зерттеуге үлес қосқан саяхатшы (-лар)

  76. Ескі дүниеге жататын материк (-тер)

  77. Африка өзендерінің басым көпшілігінің Атлант мұхитына құю себебі (-тері)

  78. Африкада орналасқан

  79. Африка мен Аустралияның ең басты ұқсастықтары

  80. Африкада шөлдің көп таралу себебі (-тері)

  81. Африкада өзендер мен тұщы көлдердің көп болу себебі

  82. Медициналық тұрғыдан алғанда Африканың ең «таза» ауданы

  83. Африка саваннасының сипаттамасы

Қате туралы хабарландыру