iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Оңтүстік Америка
Оңтүстік Американың жер көлемі аралдармен қоса есептегенде 18,3 млн шаршы шақырым.
Оңтүстік Америкадағы ең ірі тау жүйесі болып саналатын Анд тауы дүниежүзіндегі ең ұзын тау болып саналады. Солтүстік Америкадағы Кордильердің жалғасы болып келер оның ұзындығы 9000 шақырымнан асады.
Оңтүстік Американың жағалауында аралдар өте аз. Тек материктің оңтүстік батысы мен оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Олардың ең ірісі –Отты Жер аралы. Магеллан осы аралдың бойымен жүзіп бара жатқанда, жанып жатқан отты көріп, бұл аралды жанартаулық әрекеттен пайда болған деп ойлап, кейіннен бұл аралды Отты Жер деп атаған.
XVI ғасырдың басында дүниежүзін айнала жүзу саяхаты кезінде Ф.Магеллан материктің шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік батыс жағалауын айналып өткен, кейіннен бұл бұғаз Магеллан бұғазы деп аталған.
XVII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында немістің географ ғалымы Александр Гумбольдт пен француз ботанигі Бонплан Оңтүстік Американың табиғатын, материктің батысындағы ағыстардың материк табиғатына әсерін зерттеп, аймақтың алғашқы геологиялық картасын жасаған.
Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі Анд тауындағы Аконкагуа шыңы, оның биіктігі 6960 м. Х. Колумб Америкаға төрт рет саяхат жасады. Алғашқы екі саяхатында Орталық Америка аралдарын, Саргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында алғаш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына жетті.
Жер шарындағы ауданы жөнінен ең ірі ойпат – Амазонка ойпаты. Амазонка ойпаты ежелгі гондваналық платформаның майысып, төмен түскен жерлеріне қалың теңіздік және континенттік шөгінділер жиналуы нәтижесінде қалыптасқан.
Анхель сарқырамасы жер шарындағы ең биік сарқырама. Оңтүстік Американың солтүстігінде Гвиана таулы үстіртіндегі Ориноко өзенінің бір саласында орналасқан. Сарқыраманың биіктігі 1054 м. Сарқыраманы ұшқыш Анхель ашқан. Парана өзені басталар бөлігінде таулардан құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Олардың ең ірісі Игуасу сарқырамасы, оның биіктігі 72 м. Ол 300 тармаққа бөлініп ағатындықтан, табиғаты әсем сарқырамалардың бірі болып саналады.
Жер шарында Амазония ормандарына теңдес ормандар жүйесі жоқ. Мұнда ағаштардың екі мыңнан аса түрі өседі. Бұл аймақты ғаламшарымыздың "өкпесі" деп атайды. Жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың ормандарды "сельвас" деп атайды. Орман іші ыстық әрі қапырық болады, төменгі жағына жарық жетпейтіндіктен, шөптесін өсімдіктер кездеспейді.
Қазіргі кезде Оңтүстік Американың байырғы халқы – үндістер жалпы халықтың 10 пайызын құрайды. Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелесуінен тараған ұрпақтар метистер деп аталады. Метистер Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды.
Оңтүстік Америкадағы Перу, Чили, Эквадор елдері Тынық мұхит жағалауындағы елдер санатына жатады. Чили дүниежүзіндегі шекарасы ең ұзын ел. Перу жағалауы балыққа бай. Эквадорда сөнбеген жанартаулар көп. Перу мемлекетінде ежелгі инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған. Сол себепті Перу мемлекетін "ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы" деп атайды.
Оңтүстік Америкадағы ең дамыған мемлекет – Бразилия. Бразилия – ауданы жөнінен жер шарындағы ірі мемлекеттердің бірі. Бразилия 22 штаттан тұратын федерациялы мемлекет. Бразилияда темірдің, уранның мол қоры бар. Мұндағы халықтың басым көпшілігі Атлант мұхиты жағалауында орналасқан. Ірі қалалары: Рио- де -Жанейро, Сан-Паулу.
Христофор Колумб
Анд тауы
Амазонка өзені
Анхель сарқырамасы
Игуасу сарқырмасы
Лама
Шиншилла
Кондор
-
Жер шарындағы ең ылғалды материкті табыңыз.
-
Жер шарындағы су жинау алабы өте үлкен, ең суы мол өзенді көрсетіңіз.
-
Әлемдегі таулы көлдердің ең ірісі.
-
Оңтүстік Америкадағы және әлемдегі ең ұзын тау жүйесі.
-
Анд тауының ең биік шыңын табыңыз.
-
Оңтүстік Американың экватор сызығы кесіп өтетін бөлігі.
-
Оңтүстік Америка ежелгі ... құрамында болған.
-
Оңтүстік Американың оңтүстігінде орналасқан ең ірі аралды табыңыз.
-
Оңтүстік Америка материгін Отты Жер аралынан бөліп тұрған бұғазды атаңыз.
-
Жер шарындағы ені кең және ең терең бұғазды ашқан теңізші.
-
Оңтүстік Американың батыс жағалауындағы суық ағыс.
-
Оңтүстік Американың табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған ғалымдар.
-
Оңтүстік Американың климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеген ғалымды көрсетіңіз.
-
Х. Колумбтың 1498 жылғы үшінші саяхаты кезінде жеткен өзен сағасын көрсетіңіз.
-
Картоп, қызанақ, жүгерінің Отанын табыңыз.
-
Ежелгі инктер "мысты таулар" деп аталған тау жүйесін көрсетіңіз.
-
Жер шарындағы ең ірі ойпатты атаңыз.
-
Анд тауларының орталық бөлігіндегі тауаралық үстірттердің жергілікті атауын көрсетіңіз.
-
Оңтүстік Америкадағы ең жоғарғы температура (47°C) тіркелген климаттық белдеу.
-
Тынық мұхиты жағалауындағы шөлді табыңыз.
-
Анхель сарқырамасы ... орналасқан.
-
Парана өзенінің бойындағы сарқыраманы анықтаңыз.
-
Оңтүстік Америкадағы көлді табыңыз.
-
Ориноко өзені Оңтүстік Американың ... орналасқан.
-
Ориноко өзенінің бастауы.
-
Амазония ормандарының топырағының түсін анықтаңыз.
-
Оңтүстік Америкадағы қалың ормандарды жергілікті халық ... деп атайды.
-
Табиғи каучук алатын ағашты табыңыз.
-
Бразилия таулы үстіртінде өсетін тері илеуге қажетті шикізат алатын ағаш.
-
Атакама шөлінде құс саңғырықтарынан қалыңдығы 30 метрлік ... жиналады.
-
Оңтүстік Американың ең ірі жыртқыш құсын атаңыз.
-
Анд тауының символы.
-
Оңтүстік Америкадағы дала зонасының жергілікті атауын табыңыз.
-
Оңтүстік Америкадағы құс.
-
Амазония ормандары кесіп өтетін Оңтүстік Американың батысы мен шығысын байланыстыратын тас жолды белгілеңіз.
-
Солтүстік жартышар саваннасының атауын белгілеңіз.
-
Оңтүстік жартышар саваннасы.
-
Кактус өсімдігінің Отаны.
-
Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларының аралығында жиі болатын тұманды белгілеңіз.
-
Анд тауында тіршілік ететін терісі бағалы кеміргішті белгілеңіз.
-
Оңтүстік Америкаға адамдар қоныс аударған.
-
Оңтүстік Американың байырғы халқын табыңыз.
-
Еуропалықтардың үндістермен некелесуі нәтижесінде ... қалыптасты.
-
Үндістердің негрлермен некелесуінен пайда болған ұрпақтарды табыңыз.
-
Оңтүстік Америкаға Испания мен Португалиядан келгендердің ұрпақтары.
-
"Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы" деп аталатын елді табыңыз.
-
Оңтүстік Америкадағы сөнбеген 30 жанартауы бар ел.
-
Тынық мұхиты жағалауындағы елдерді белгілеңіз.
-
Оңтүстік Америкадағы ең ірі елді белгілеңіз.
-
Жылына 1 млн этил спиртімен жұмыс істейтін автомобиль шығаратын Оңтүстік Америка елін табыңыз.
-
Оңтүстік Американың ылғалды болу себебі
-
Оңтүстік Америка туралы дұрыс мәлімет (-тер)
-
Оңтүстік Американың ашылу, зерттелу тарихына қатысы жоқ мәлімет (-тер)
-
Оңтүстік Американың жер бедерінің сипаттамасы
-
Оңтүстік Америка жануарлары
-
Оңтүстік Америка орманды болу себебі
-
Американы зерттеуге зор үлесін қосқан саяхатшылар
-
Оңтүстік Америка халқының сипаттамасы
-
Оңтүстік Америкада таралған табиғат зоналары