Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Солтүстік Америка

Конспект

Жерінің ауданы 24,2 млн шаршы шақырым. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынға ие.

 

Солтүстік Американың ең биік нүктесі Кордильер тауының солтүстігінде орналасқан Мак-Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м.

 

Кордильер испан тілінен (Кордильера) аударғанда "тау жотасы", "тау тізбегі" деген мағына береді. Себебі Кордильер бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының тізбектерінен тұрады.

 

Дүниежүзіндегі ең ірі арал Гренландия аралы Солтүстік Американың аумағына кіреді. Ауданы 2 млн 176 мың шаршы шақырым. Гренландия аумағы Дания мемлекетіне тиесілі аумақ.

 

Аппалач тауы ежелгі тауларға жатады. Ол Солтүстік Американың оңтүстік шығысында орналасқан. Жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы ең ежелгі тау Оралға ұқсас.

 

Атлант мұхиты алабының басты өзені – Миссисипи Солтүстік Америкадағы ең суы мол өзен болып саналады. "Миссисипи" атауы үндістер тілінде "су атасы" деген мағына береді. Миссисипи өзені ұзындығы жөнінен Ніл өзені мен Амазонкадан кейінгі үшінші орынды алады.

 

Эри мен Онтарио көлдерінің деңгейлеріндегі үлкен айырмашылық салдарынан оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемерден құлап ағып, дүниежүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Оның ені 1200 м, биіктігі 51 м. Ниагара атауы жергілікті үндістер тілінен аударғанда "гүрілдеуік су" деген мағына береді. Судың гүрілі 25 шақырымнан естіледі. Бұл сарқыраманы тамашалауға жыл сайын миллиондаған турист келеді.

Тынық мұхиты алабына жататын Колорадо өзенінің бойында орналасқан терең шатқалды орасан зор Үлкен каньон әлемге әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы және түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің нұрына малынып, ғажайып бір көріністі көрсетеді. Каньонның тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 шақырым, ені 25 шақырымға жетеді.

 

Солтүстік Американың қайталанбас табиғатын қорғау және адамдарға таныстыру мақсатында қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Солардың ішіндегі ең әйгілісі әлемде тұңғыш рет 1872 жылы құрылған Йеллоустоун ұлттық саябағы. Саябақта ыстық бұлақ – гейзерлер, тасқа айналған ағаштар ерекше қорғауға алынған.

Солтүстік Американың байырғы халқын үндістер мен эскимостар құрайды. Бұл халықтар 25-40 мың жыл бұрын Азиядан Еуразия мен Солтүстік Американы жалғастырып тұрған Беринг құрлықтық көпірі арқылы өткен.

 

Солтүстік Америкада Америка Құрама Штаттары, АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, АҚШ-тың оңтүстігінде Мексика орналасқан. Канада мемлекетінің аты үндістер тілінен аударғанда «қауымдастық», «қоныс» деген мағына береді. Шын мәнінде Канада жер шарының әр түкпірінен келген халықтардың атамекеніне айналған. Канаданың негізгі халқын Ұлыбритания мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды.

 

Ағылшын және француз тілдері елдегі мемлекеттік тіл болып саналады, сондықтан мұнда «Ағылшын Канадасы» және «Француз Канадасы» деген ұғымдар бар. Ағылшын тілі басымдылыққа ие, тек Канаданың Квебек провинциясында ғана француз тілі басымдыққа ие.

 

Бұл аймақтағы АҚШ пен Канада елдері жоғары дамыған елдерді топтастыратын "Үлкен жетілік елдері" тобына кіреді.

 

      

Кордильер тауы       

                                                                                  

Өлім аңғары

      

Секвойя ағашы             

                                             

Йеллоустоун ұлттық паркі                             



Сұрақтар
  1. Солтүстік Америка материгінің ауданын табыңыз.

  2. Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесі.

  3. Солтүстік Америка материгінің құрамына кіретін, дүниежүзіндегі ең ірі арал.

  4. Аппалач тауының оңтүстік-шығысында орналасқан жер шарындағы ең ұзын жер асты үңгірін атаңыз.

  5. Әлемдегі ең үлкен және ең терең каньон.

  6. Дүниежүзіндегі ең ірі Хабборт тау мұздығы орналасқан жотаны көрсетіңіз.

  7. Солтүстік жарты шар материктеріндегі ең жоғарғы температура байқалатын жерді табыңыз.

  8. Солтүстік Америкадағы -70ºС температуралық көрсеткішті көрсетіп, ең суық жер ретінде тіркелген орынды белгілеңіз.

  9. Әлемдегі ең биік толысу толқындары байқалатын шығанақты көрсетіңіз.

  10. Атлант мұхиты мен Тынық мұхитын қосып жатқан каналды табыңыз.

  11. "Жаңа Дүние" деген шартты атауға ие болған құрлықты атаңыз.

  12. Х. Колумбтың "Жаңа Дүниені" ашқан жылын көрсетіңіз.

  13. Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегін ашқан италиялық саяхатшыны көрсетіңіз.

  14. Солтүстік Американың жер бедерінде ... басым болып келеді.

  15. Солтүстік Американың жазықтары:

  16. Канада арктикалық архипелагының шығу тегін көрсетіңіз.

  17. Кордильер тау жүйесінің пайда болу себебі:

  18. Солтүстік Американың ең биік нүктесін көрсетіңіз.

  19. Солтүстік Американың ең биік нүктесі орналасқан тау жүйесін белгілеңіз.

  20. Аппалач тауының ең биік нүктесін атаңыз.

  21. Солтүстік Американың ең көне тауы:

  22. Солтүстік Америкадан өтпейтін климаттық белдеу:

  23. Солтүстік Американың көп бөлігін алып жатқан климаттық белдеуді табыңыз.

  24. Солтүстік Америкаға арктикалық ауа массаларының еркін енуінің себебін атаңыз.

  25. Ұлы жазықтарда Торнадо желінің пайда болу себебін көрсетіңіз.

  26. Ұлы көлдердің жүйесіне кіретін ең ірі көлді табыңыз.

  27. Ұлы көлдердің пайда болуын атаңыз.

  28. Солтүстік Америкада көлдер жиі орналасқан аудан.

  29. Солтүстік Американың ең мол сулы өзенін көрсетіңіз.

  30. Солтүстік Америка материгінің солтүстік бөлігінің Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын ірі өзені.

  31. Солтүстік Америкадағы дүниежүзіне әйгілі сарқырама.

  32. Солтүстік Американың Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен байланыстыратын өзен аңғарын табыңыз.

  33. Үлкен Каньон орналасқан өзенді табыңыз.

  34. Солтүстік Американың табиғат зоналары жер бедері мен ауа массаларының әсерінен...... өзгереді:

  35. Солтүстік Американың тундра зонасына тән бұғының түрі.

  36. Солтүстік Америкадағы дала зонасының жергілікті атауын көрсетіңіз.

  37. 1872 жылы құрылған, дүниежүзіндегі тұңғыш ең ірі ұлттық парк.

  38. Солтүстік Американың байырғы халқын ... құрайды.

  39. Оңтүстік Мексиканы мекендеген тайпалар:

  40. АҚШ тың оңтүстігінде орналасқан мемлекетті көрсетіңіз.

  41. Солтүстік Американың 22 млн халқы бар ең ірі қаласы:

  42. Канада мемлекеті атауының мағынасын табыңыз.

  43. Канаданың мемлекеттік тілдері:

  44. Канаданың құнарлы топырақ таралған бөлігі:

  45. АҚШ-тың астанасын табыңыз.

  46. АҚШ-тың "автомобиль" астанасын көрсетіңіз.

  47. "Боинг" ұшақтары құрастырылатын өңір.

  48. АҚШ-тағы байырғы халықтың үлесін көрсетіңіз.

  49. Канаданың байырғы халқын көрсетіңіз.

  50. Канада туында бейнеленген ағаш жапырағын табыңыз.

  51. Қандай мемлекеттердің климатына Солтүстік Мұзды мұхиты қатты әсер етеді

  52. Солтүстік Америкадағы табиғат зоналарының ерекшелігі

  53. Солтүстік Американың ерекшелігі (-тері)

  54. Солтүстік Америка халқының сипаттамасы

  55. Солтүстік Американың жер бедеріне әсер еткен фактор (-лар)

  56. Солтүстік Американың жер бедерінің нысандары

  57. Солтүстік Американың табиғат зоналарының сипаттамасы

  58. Солтүстік Американың зерттелу тарихы

  59. Солтүстік Америка климатының факторлары

Қате туралы хабарландыру