Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-нұсқа



Сұрақтар
  1. Орын ауыстыру деп нені айтамыз?

  2. Үстел үстінде тұрған табанының ауданы 1200 см\(^2\)болатын қазанға 4,8 л су құйылғанда, қазанның үстелге түсіретін қысымы қаншаға артады?    

  3. Көлемі 2 литр су 50°С-тан  20°C-қа салқындағанда қандай жылу мөлшерін беретінін есептеңіз.

    \((c_{су}=4200 \ Дж/кг \cdot °C, \ p_{су}=1000 \ кг/м^3)\)

  4. Массалары өзара тең үш бірдей жүк жіпке түсірілген күштердің әсерінен бірқалыпты қозғалады. Осы күштер өзара қандай қатыста екенін анықтаңыз.

  5. 18 нКл нүктелік зарядтан қандай қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 7,2 кВ/м -ге тең болады.

    \(k=9 \cdot 10^9 \frac{Н \cdot м^2}{Кл^2}\)

  6. Электролиз кезінде ток күші 3 А болғанда, 1 сағат ішінде қандай массадағы хром жиналды?

    (хромның электрохимиялық эквиваленті – \(18 \cdot 10^{-8} \ кг/Кл\))

  7. Су бетіне түскен сәулемен одан шағылған сәуле арасындағы бұрыш 70°-қа тең. Сәуленің су беті жазықтығымен жасайтын бұрышын анықтаңыз.

  8. Суретте көрсетілген мәліметтер бойынша материялық нүктенің [20-30] с уақыт аралығындағы жылдамдық модулін анықтаңыз.

  9. Электрондардың металдан шығу жұмысы \(3,2 \cdot 10^{-19}\) Дж. Металл бетіне энергиясы 4,8 эВ-қа тең фотондар ағыны түседі. Фотоэлектрондарды тежейтін потенциалдар айырымының минимал шамасын анықтаңыз. \((1 \ эВ=1,6 \cdot 10^{-19} \ Дж, \ e=1,6 \cdot 10^{-19} \ Кл)\)

  10. 15нКл заряд потенциалы 110 В нүктеден потенциалы 50 В нүктеге орын ауыстырғанда электр өрісі қандай жұмыс атқарады? 

  11. Периоды 1,8 мкм болатын дифракциялық торға, тор бетіне перпендикуляр бағытта толқын ұзындығы 500 нм монохромат жарықтың сәулелер ағыны түседі. Дифракциялық спектрдің максимал ретін анықтаңыз.

  12. Төменде келтірілген уақыттардың қандай мезеті тербелістің \(\frac{\pi}{2}\) фазасына сәйкес келеді? 

  13. Қандайда бір жылдамдықпен қозғалған дененің бойлық өлшемі 3 есе кеміді, осы кезде дене массасы қанша есе өзгерді? 

  14. Суреттегі графикте идеал газ күйінің өзгерісі бейнеленген. Газдың зат мөлшері тұрақты деп есептеп, газ қысымын салыстырыңыз.

  15. Сәуле шығару көзінің қуаты 40 Вт. Cәулелену көзінен 1 секундта \(n=12 \cdot 10^{19}\) фотон шығады деп есептеп, сәуле шығарудың толқын ұзындығын анықтаңыз.

    \((h=6,63 \cdot 10^{-34} \ Дж \cdot с, \ c=3 \cdot 10^8 \ м/с)\)

  16. Төмендегі суретте қандайда бір биіктіктен горизонталь бағытта лақтырылған дене қозғалысының траекториясы бейнеленген. Қозғалыс траекториясының А нүктесінде дененің үдеуінің бағыты қандай санмен белгіленген?

  17. Дене жылдамдығының өзгерісі: \(v=2+2t\) теңдеуімен берілген. 0-10 c уақыт аралығындағы дененің орташа жылдамдығын анықтаныз.

  18. Электрон индукциясының модулі 2 мТл болатын біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалып жүр. Электрон жылдамдығының модулін 6400 км/с деп есептеп, шеңбердің радиусын анықтаңыз.

    (электрон массасы \(9,1 \cdot 10^{-31}\) кг, заряды \(1,6 \cdot 10^{-19}\) Кл)

  19. 1940K калий ядросының байланыс энергиясын анықтаңыз.

    \((m_н-1,007825 \ м.а.б., \ m_n-1,00865 \ м.а.б., \ M_a – 39,962382 \ м.а.б., \ c^2 \cdot м.а.б.=931,5 \ МэВ)\)

  20. ЭҚК-і 30 В болатын ток көзінің қысқыштарына вольтметрді жалғағанда, ол 21 В кернеуді көрсетеді. Егер сыртқы тізбектің кедергісі 7 Ом болса, ток көзінің ішкі кедергісін анықтаңыз. 

  21. Ауданы 2 м\(^2\) болатын бетке минут сайын 180 Дж жарық энергиясы түседі. Егер жарық беттен толық шағылса, онда ол бетке қандай қысым түсіреді?

  22. Айнымалы ток тізбегіне индуктивті катушка қосылған. Тізбектегі кернеу 220 В, ал тізбектегі ток күші 4 А, токтың тербеліс жиілігі 50 Гц болса, онда катушканың индуктивтілігі қандай мәнге ие?

  23. Газдың екі киломолі изобаралық ұлғаю нәтижесінде 1662 кДж жұмыс атқарады. Бастапқы кезде газдың көлемі 1,8 м\(^3\), ал температурасы 300 К болған. Ұлғаюдан кейін газдың газдың көлемі қандай болады?

  24. Контурдың индуктивтілігі 4 мГн. Контурдағы ток күшінің өзгеру теңдеуі:
    I= 4+2t\(^2\) (А). 10 с уақыттан кейінгі өздік индукцияның ЭҚК-інің модулін анықтаңыз.

  25. Қатаңдығы 320 Н/м болатын салмақсыз серіппеге массасы 0,6 кг жүк ілінген. Егер серіппені жоғары қарай теңүдемелі көтерген кезде серіппенің ұзындығы деформацияланбаған күйіндегі ұзындығынан 1,5 см -ге ұзын болса, онда серіппе қандай үдеумен қозғалып бара жатыр?

  26. Физикалық шамаларды оларды өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.

  27. жылдамдық

  28. атмосфералық қысым

  29. Физикалық шамаларды олардың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз. 

  30. Массасы 2 кг дене тең үдемелі қозғалады. Қозғалыс басталғаннан кейінгі 10 с-тан кейінгі физикалық шамаларды дұрыс жауаптармен сәйкестендіріңіз. 

  31. \(x=6t+2t^2\)

  32. денеге әсер ететін қорытқы күш

  33. Көлемі 40 л, температурасы 10°C болатын салқын су температурасы 70°C ыстық сумен араластырды. Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейін қоспаның температурасы 30°C болды. Ыстық судың мөлшерін анықтаңыз. \((p_{су}=1000 \ кг/м^3)\)

  34. Дене қозғалыс уақытының төрттен бір бөлігінде \(v\) жылдамдықпен қозғалады, ал қалған уақытында 3\(v\) жылдамдықпен қозғалады. Дененің барлық жолдағы орташа жылдамдығы 35 км/сағ болса, \(v\)-ның мәнін анықтаңыз.

  35. Шам 36 В кернеуге және 20 Вт қуатқа арналған. Шаммен 48 В кернеу көзіне қосу үшін қандай қосымша кедергіні тізбектей қосу керек? 

  36. Жинағыш линзада S жарық көзінің кескіні қай аралықта пайда болады? Кескін жалған болады ма, әлде шын болады ма? 

  37. Көлемі 100 м\(^3\) болатын бөлмеде қандайда бір температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы  φ=25%. Егер осы температурадағы қаныққан будың қысымы 12 г/см\(^3\) болса, онда бөлмедегі су буының массасы қандай?

  38. Физикалық шамаларды оларды сипаттайтын формулалармен сәйкестендіріңіз

  39. ауырлық күші

  40. механикалық жұмыс

  41. Сыйымдылығы С жазық ауа конденсаторын U кернеуге дейін зарядталып, ток көзінен ажыратылады. Содан соң конденсатор пластиналарының арасын диэлектрлік өтімділігі 2-ге тең диэлектрикпен толтырады. Әрбір шаманы өзгеру сипатымен сәйкестендіріңіз.

  42. конденсатордың электр сыйымдылығы

  43. пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі

Қате туралы хабарландыру