iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
2-нұсқа
-
Материялық нүкте ұғымының анықтамасын көрсетіңіз.
-
Биіктігі 10 см сынап бағанын теңгеріп тұру үшін қатынас ыдыстың екінші бөлігіндегі май бағанының биіктігі қандай болуы керек?
\((p_{май}=800 \ кг/м^3; \ p_{сынап}=13600 \ кг/м^3)\)
-
80 кг ағашты жаққанда бөлінген жылуды пайдаланып, балқу температурасындағы қорғасынның қандай мөлшерін балқытуға болады?
\((q_{ағаш}=8 \cdot 10^6 \ Дж/кг, \ λ_{қорғасын}=0,25 \cdot 10^5 \ Дж/кг)\)
-
Доп 50 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылды. 7 с өткеннен соң доптың қозғалыс жылдамдығының модулі неге тең? Ауа кедергісі ескерілмесін. \((g=10 м/с^2)\)
-
Нүктелік зарядтан 2 м қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі 36 Н/Кл. Осы зарядтан 6 м қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.
\(q=9 \cdot 10^9 \frac{Н \cdot м^2}{Кл^2}\)
-
Кедергілері өзара тең үш бірдей резистор суретте көрсетілгендей жалғанған. Бір резистордың кедергісі R=6 Ом. Тізбек бөлігінің толық кедергісін анықтаңыз.

-
Суретте жұқа линзаға түсетін жарық сәулесі көрсетілген. Жарық сәулесі линзада сынған соң номермен белгіленген қайсы нүктеден өтеді?

-
Суретте көрсетілген нүкте координатасының уақытқа тәуелділік графигінен нүктенің [0-3] с уақыт аралығындағы жүрген жолын анықтаңыз.

-
Вакуумдық фотоэлемент катодына түсетін фотондардың энергиялары 6,9 эВ. Тежеуіш кернеудің мәнін 1,6 В есептеп, электронның катодтан шығу жұмысын анықтаңыз.
\((1 \ эВ=1,6 \cdot 10^{-19} \ Дж, \ e=1,6 \cdot 10^{-19 \ Кл})\)
-
Заряды – 6,4 нКл шарды өлшемі тура сондай зарядталмаған, өткізгіш шармен түйістергенде, зарядталған шардан зарядталмаған шарға неше электрон өтеді? \((e=1,6 \cdot 10^{-19} \ Кл)\)
-
Толқын ұзындығы λ = 600 нм екі когерентті көзден шыққан жарық толқындары бір-біріне қарай таралады. Егер сәулелердің жол айырымы 3,3 мкм болса, интерференцияның нәтижесі қандай болады?
-
Суретте бойлық толқынның ығысуының уақытқа тәуелдігі көрсетілген. Толқын 4 м/с жылдамдықпен тарайды. Қарама-қарсы фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығын анықтаңыз.

-
0,8 с жылдамдықпен қозғалатын дененің массасын анықтаңыз. Дененің тыныштықтағы массасы 9 кг. (с-жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы)
-
Тұрақты массадағы идеал газдың температурасын 4 есе арттырғанда, газдың қысымы 60%-ға артты. Осы кезде газ көлемі қанша есе өзгерді?
-
Фотонның импульсі \(3 \cdot 10^{-28} \frac{Дж}{м/с}\)-ге тең. Фотонның энергиясын анықтаңыз.
\((c=3 \cdot 10^8 \ Дж)\)
-
Жіпке ілінген шарды вертикальдан 60°-қа ауытқытып жібереді, шарик вертикаль қабырғаға соқтығысып, қабырғадан 45°-қа ауытқыған. Соқтығыс кезінде шар энергиясының қандай бөлігін жоғалтты?
\((sin60°=0,86, \ cos60°=0,5, \ sin45°=0,7)\)

-
Дене 120 м биіктіктен 10 м/с жылдамдықпен тік төмен лақтырылған. Дене қанша уақыттан кейін Жер бетіне жетеді?
-
Электрон біртекті магнит өрісінде радиусы 20 мм болатын шеңбер бойымен қозғалып жүр. Электрон жылдамдығының модулін 3200 км/с деп есептеп, магнит өрісінің индукциясының модулін анықтаңыз.
(электрон массасы \(9,1 \cdot 10^{-31}\) кг, заряды \(1,6 \cdot 10^{-19}\) Кл)
-
Төрт жартылай ыдырау уақыты \(t=4T\) аралығында бастапқы радиоактивті ядролардың қандай үлесі ыдырамай қалады?
-
ЭҚК-і 2 В, ішкі кедергісі 0,4 Ом және ток күші 2 А-ге тең электр көзінің ПӘК-ін анықтаңыз.
-
Түскен жарықтан әрбір секундта 400 Дж энергия алатын 2 мм\(^2\) қара бетке жарық сәулесі қандай қысым түсіреді? \((c=3 \cdot 10^8 \ м/с)\)
-
Айнымалы ток тізбегіне конденсатор қосылған. Тізбектегі кернеу 220 В, ал тізбектегі ток күші 4 А болса, онда тізбектегі \(X_c\) сыйымдылық кедергінің мәні қандай?
-
Массасы 64 г оттектің температурасын изобаралық түрде 30 К-ге арттырғанда қандай жұмыс атқарылады?
\((M(O_2) = 1,6 \cdot 10^{-3} \frac{кг}{моль}, \ R=8,31 \ Дж/моль)\)
-
Қабырғасының ұзындығы \(a=4\) см-ге тең квадрат рама индукциясы \(B=0,6\) Тл магнит өрісінде \(v=2c^{-1}\) жиілікпен айналады. Рамада пайда болатын ЭҚК -інің максимал мәнін анықтаңыз.
-
Суретте Ox осі бойымен теңүдемелі қозғалған материялық нүктенің координатасының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. Уақыттың алғашқы мезетінде \(t_₀=0\) дене жылдамдығының Ox осіндегі проекциясын 6 м/с-ке тең деп есептеп, дене үдеуінің Ох осіндегі проекциясын анықтаңыз.

-
Физикалық шамаларды оларды өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.
-
электр қозғаушы күш
-
газ қысымы
-
Екі параллель метал пластиналары бір-бірінен d қашықтықта орналасып, тұрақты кернеу көзіне қосылады (сурет).

Физикалық шаманы және өзгеру сипатын дұрыс жауаппен сәйкестендіріңіз.
-
Пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі
-
егер пластиналар арасындағы қашықтық кішірейсе
-
Өлшемі кіші зат жұқа жинағыш линзаның бас оптикалық осінде линзадан екі еселенген фокустық қашықтығында орналасқан. Затты линзаның фокусына қарай жылжытады. Әрбір шаманы өзгеру сипатымен сәйкестендіріңіз.
-
линзаның оптикалық күші
-
кескіннен линзаға дейінгі қашықтық
-
Көлемдері \(V_1=70 \ л, \ V_2=30 \ л\) әне температуралары сәйкесінше \(t_1=10°C, \ t_2=80°C\) болатын суларды араластырды. Жылулық тепе-теңдік орнайтын температураны анықтаңыз.
-
Суретте көрсетілген денелер жүйесі қандай үдеумен қозғалатынын анықтаңыз. Бірінші дененің массасы екінші дененің массасынан екі есе аз. \((g=10 \ м/с^2)\)

-
Ток күші 2А болғанда электр шамы 10 мин ішінде 3 МДж энергия тұтынады. Пеш спиралінің кедергісі қандай?
-
Жарық сәулесінің ауадан шыныға өткендегі түсу бұрышы 60°, сыну бұрышы 35° Шыныдағы жарықтың таралу жылдамдығын анықтаңыз.
\((c=3 \cdot 10^8 \frac{м}{с}, \ sin60°=0,86, \ cos=0,5, sin35°=0,57, \ cos35°=0,57, \ cos35°=0,81)\)
-
Тұрақты температура кезінде радиусы 5 см болатын сабын көпіршігін түзу үшін қанша энергия қажет екенін анықтаңыз.
(сабын қабыршағының беттік керілу коэффициенті \(σ=0,05 Н/м\))
-
Физикалық шамаларды олардың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз.
-
зат тығыздығы
-
энергия
-
Массасы \(m_!\) болатын шайба жылдамдықпен горизонталь жылтыр тегіс бет үстінде сырғып келіп тыныштықта тұрған массасы \(m_2\) шайбамен абсолют серпімсіз соқтығысады. Физикалық шамаларды оларды анықтайтын (нақты осы есепте) формулалармен сәйкестендіріңіз.
-
тыныштықта тұрған шайбаның соқтығыстан кейінгі жылдамдығы
-
шайбаның соқтығыстан кейінгі импульсі