iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
-
Кинематиканың негізгі міндетін көрсетіңіз.
-
Қатаңдығы 80 Н/м болатын серіппені 2 см-ге созу үшін серіппеге қандай күш әсер ету қажет?
-
Суретте көрсетілген графикте денелердің температураларының өздеріне берілген жылу мөлшеріне тәуелділігі көрсетілген. Денелердің массалары бірдей деп есептеп, олардың меншікті жылусыйымдылықтарын салыстырыңыз.
.png)
-
Суда жүзіп жүрген денеге 100 Н-ға тең Архимед күші әсер етеді. Осы денені керосинге салар болсақ, оған ісер ететін Архимед күшінің шамасы қандай болады?
\((g=10 м/с^2, \ p_{керосин}=0,8 \cdot 10^3 \ кг/м^3), \ p_{су}=1 \cdot 10^3 кг/м^3)\)
-
45 В потенциалға дейін зарядталған металл шардың зарядын анықтаңыз. Шардың радиусы 20 см.
\((k=9 \cdot 10^9 \frac{Н \cdot м^2}{Кл^2})\)
-
Ұзындығы 10 см түзу өткізгіш индукциясы B=0.01 Тл болатын біртекті магнит өрісіне орналасқан. Егер өткізгішке F = 10\(^{-2}\) H күш әсер ететін болса, магнит индукциясы мен тоқтың арасындағы бұрыш қандай? Өткізгіштен өтетін ток күші 20 А.
-
Жазық айна бетіне перпендикуляр бағытта нүктелік жарық көзі 3 м/с жылдамдықпен жақындап келеді. Жарық көзінің кескіні жарық көзіне қандай жылдамдықпен жақындайтынын анықтаңыз.
-
Суретте көрсетілген дене координатасының уақытқа тәуелділік графигінен дененің [0-8] с уақыт аралығындағы орын ауыстыруын анықтаңыз.

-
Шығу жұмысы \(13,2 \cdot 10^{-19}\)Дж-ға тең металл пластинкаға жиілігі \(2 \cdot 10^{15}\) Гц жарық түседі. Пластинадан шығарылған фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясын есептеңіз.
\(h=6,63 \cdot 10^{-34} \ Дж \cdot c, c=3 \cdot 10^8 \ м/с\)
-
Ток күшінің тербелісі: I = 10sin (25t + 0.6) теңдеуімен берілген. Ток кушінің әсерлік мәнін анықтаңыз.
-
Периоды 11 мкм дифракциялық тордың көмегімен алынған бірінші реттік спектрдегі жасыл жарық (λ=0,55 мкм) сәулелерінің ауытқу бұрышының синусын табыңыз.
-
Горизонталь бағытта a үдеумен қозғалып бара жатқан вагонның ішінде, ұзындығы \(l\) математикалық маятник ілінген. Осы маятниктің тербеліс периодын қандай формуламен есептеуге болады?
-
Дененің қандай жылдамдығында оның ұзындығының релятивистік қысқаруы 50% болады? (с-жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы)
-
Көлемі 500 см\(^3\) болатын баллонда идеал газ бар. Газдың температурасы 200 К, ал қысымы 276 кПа. Баллондағы газ молекулаларының санын анықтаңыз. (\(k=1,38 \cdot 10^{-23}\)Дж/K)
-
\(6 \cdot 10^{14}\) Гц жиіліктегі фотон импульсін анықтаңыз.
\((h=6,63 \cdot 10^{-34}) \ Дж \cdot c, \ c=3 \cdot 10^8 м/с\)
-
Материялық нүкте қандайда бір бастапқы жылдамдықпен теңүдемелі қозғала отырып 10 с уақыт аралығында 60 м жол жүрді. Осы уақыт аралығында нүкте жылдамдығын үш есе арттырған болса, онда нүктенің бастапқы жылдамдығы қандай болған?
-
Дене горизонталь бағытта 20 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Қанша уақыттан кейін дененің жылдамдығы бастапқы жылдамдығынан 2 есе үлкен болады? \((g=10 \ м/с^2)\)
-
Электрон вакуумде индукциясы В=5 мТл болатын біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Электронның айналу периодын анықтаңыз. \(m=9,1 \cdot 10^{-31} \ кг, \ e=1,6 \cdot 10^{-19} \ Кл\)
-
Радиоактивті үлгінің жартылай ыдырау периодының төрттен біріне тең уақыт өткен соң, үлгіде 5000 радиоактивті атом қалды. Бастапқыдағы атомдар санын анықтаңыз.
-
Ток көзі 6 Ом кедергіге тұйықталғанда, тізбектегі ток күші 0,3 А, ал 14 Ом кедергіге тұйықталғанда тізбектегі ток күші 0,15 А. Қысқа тұйықталу тогын анықтаңыз.
-
Уран 92238U ядросы ыдырағанда 3,2∙10\(^{-11}\) Дж энергия бөлінеді. Атом станциясы тәулігіне 100 г уран пайдаланады. Станцияның ПӘК-і 20 % болса, онда оның энергетикалық қуаты неге тең?
\((M=235 \cdot 10^{-3} \ кг/моль, \ N_A=6,02 \cdot 10^{23} \ моль^{-1} ) \)
-
Трансформатордың трансформация коэффициенті 20-ға тең. Бірінші ретті орамадағы кернеу 120 В. Трансформатордың екінші орамындағы кернеуді анықтаңыз.
-
Көлемі 1 л баллонда қысымы 10\(^6\) Па оттек бар. Газға 9 кДж жылу мөлшері берілді. Қыздырылғаннан кейінгі газдың қысымын анықтаңыз.
\(\Bigl(M(O_2)=16 \cdot 10^{-3} \ \frac{кг}{моль} \Bigl)\)
-
Егер генератордың роторы \(v_1\)=900 айн/мин жиілікпен айналғанда 100 В ЭҚК-ін өндіретін болса, ол 10 минутта 120 В ЭҚК-ін беру үшін қанша айналым жасайды?
-
Массасы 10 кг жүкті салмақсыз блоктар арқылы суретте көрсетілгендей көтереді. Салмақсыз созылмайтын жіпке түсірілген тұрақты күштің шамасы 55 Н. Жүк қандай үдеумен қозғалатынын анықта. \((g=10\ м/с^2)\)

-
Көлемі 10 л болатын азотты изохоралық түрде қыздырғанда оның қысымы Δр = 0,1 МПа -ға өзгерді. Газға берілген жылу мөлшерін анықтаңыз.
-
Ұзындығы 1 м созылмайтын жіпке ілінген шарды суретте көрсетілгендей етіп \(\alpha\)=600 бұрышқа ауытқытып, бастапқы жылдамдықсыз жібереді. Қозғалыс кезіндегі шардың максимал жылдамдығын анықтаңыз. (g=10 м/с\(^2\))

-
Кедергілері R\(_1\)=R\(_2\)=R\(_3\)=6 Ом болатын өзара параллель жалғанған үш резисторға кедергісі R\(_4\) =4 Ом болатын резистор тізбектей жалғанады. Тізбектің ұшындағы кернеу 18 В. R\(_2\) резисторында бөлінетін қуатты анықтаңыз.

-
Заттың линзадағы жалған кескінімен арасындағы қашықықтығы 1 м-ге тең. Егер заттың биіктігі 10 см, ал кескінінің биіктігі 5 см болса, онда линзаның фокус қашықтығы қандай?
-
ПӘК-і 41% болатын идеал жылу машинасының бір циклде алатын жылуын 18%-ға арттырып, ал суытқышқа беретін жылуын 6%-ға кемітсе, жылу машинасының ПӘК-і қандай болады?
-
Дененің координатасының уақытқа тәуелділігі теңдеуін сол дененің жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділігін көрсететін теңдеумен сәйкестендіріңіз.
-
\(x=-12+2t+t^2\)
-
\(x=200+40t-2t^2\)
-
Тербелмелі контур сыйымдылығы С жазық ауа конденсаторынан және индуктивтілігі L болатын катушкадан тұрады. Конденсатор пластиналарының арасын диэлектрлік өтімділігі 2 -ге тең диэлектрикпен толтырады. Әрбір шаманы өзгеру сипатымен сәйкестендіріңіз.
-
тербеліс жиілігі
-
пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі
-
Физикалық шамаларды оларды өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.
-
үдеу
-
электр заряды
-
Физикалық шамаларды олардың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз.
-
электр қозғаушы күші
-
толқын ұзындығы
-
Біратомды идеал газ күйі суретте көрсетілген цикл бойынша өзгереді. Әрбір шаманы өзгеру сипатымен сәйкестендіріңіз.

-
газдың ішкі энергиясы
-
газ қысымы