Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа



Сұрақтар
  1. Келтірілген мысалдардың ішінде денені материялық нүкте деп санауға болатыны

  2. Қатынас ыдыстарда биіктігі 16 см керосин бағанасын теңестіру үшін су бағанасының биіктігі қандай болуы керек? (су =1000 кг/м³; к = 800 кг/м³)

  3. 0℃ температурадағы массасы 2,4 кг су толығымен мұзға айналғанда қоршаған ортаға берген жылу мөлшері (λ= 340 кДж/кг)

  4. Тік жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің 1 секундтан кейінгі Жер бетінен биіктігі (g=10 м/с²)

  5. Кернеулігі 240 кВ/м біртекті электр өрісінде 6 нКл нүктелік заряды орналасқан. Өріс тарапынан зарядқа әсер ететін күш модулі

  6. Суретте берілген электр тізбегінің толық кедергісі қандай? Мұндағы: R₁ = 2 Ом, R₂ = 8 Ом болса

  7. Суретте линзаның көмегімен алынған шам кескіні бейнеленген. Кескіннің сипаттамасы:

  8. Суретте Ox осі бойымен қозғалған дене координатасының уақытқа тәуелділігі көрсетілген. Дененің қозғалысы басталғаннан кейін  3 с уақыт аралығында жүріп өткен жолын анықтаңыз.

  9. Қандайда бір метал үшін фотоэффектің қызыл шекарасы 210 нм. Фотоэффект құбылысы байқалу үшін осы металл бетіне  түсетін фотонның минимал импульсі қандай болу керек? ( \(h=6,63\,\cdot\,10^{-34}\) Дж∙с)

  10. Заряды \(q=-4,8\)  нКл болатын су тамшысындағы артық электрондардың саны ( \(e=1,6\,\cdot\,10^{-19}\) Кл)

  11. Дифракциялық торға перпендикуляр түскен монохроматты жарық сәулесінің толқын ұзындығы 0,8 мкм . Дифракциялық тордың периоды 4 мкм. Экранда пайда болған максимумдар санын анықтаңыз.

  12. Материялық нүктенің тербеліс і\( x=0,4sinπt\)  теңдеуімен сипатталады. Нүктенің \(t=0,5\) с уақыт мезетіндегі үдеуінің модулін анықтаңыздар.

  13. Жердегі бақылаушымен салыстырғанда екі бөлшек бір-бірінен 0,8 с жылдамдықпен алыстайды. Бөлшектердің салыстырмалы жылдамдығы (с-жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы)

  14. Егер бөлмедегі ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы  30 %-ға артатын болса, онда бөлмедегі ауа қысымы

  15. Фотонның импульсі  \(4\,\cdot\,10^{-28} \,\frac{Дж}{м/с}\) -ге тең. Фотонның энергиясын анықтаңыз.
    (\(c=3\,\cdot\,10^8\) м/с)

  16. Массасы 4 кг темір бұйымы 10 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды. Қозғалыс кезінде ауа кедергісінің әсерінен бұйым энергиясының 20% - ын жоғалтады. Шардың жер бетіне құлау мезетіндегі кинетикалық энергиясын анықтаңыз. (g=10 м/с²)

  17. Өте биік жардан горизонталь бағытта 10 м/с жылдамдықпен тас лақтырылады. Тастың 2 с уақыттан кейінгі орын ауыстыруын анықтаңыз.

  18. Ауданы 250 см² контурда 20 мс уақыт ішінде магнит индукциясы 0,2 Тл-ға дейін бірқалыпты кемігенде, 0,4 В ЭҚК-ін тудырады. Магнит индукциясының бастапқы мәні

  19. Радиоактивті элементтің активтілігі 24 тәулік ішінде 8 есе кемиді. Элементтің жартылай ыдырау периоды

  20. Ток көзінің ЭҚК-і 4 В, ішкі кедергісі 1 Ом. Тізбектегі жүктеменің кедергісінің қандай мәнінде тізбек арқылы 30 с ішінде 6 Кл заряд өтеді?

  21. Жиілігі  \(10^{14}\)  Гц жарық жазық қара бетке (толық жұтушы) перпендикуляр түседі. Фотон импульсінің өзгерісін анықтаңыздар. (\(h=6,63\,\cdot\,10^{-34}\) Дж∙с,  \(c=3\,\cdot\,10^8\) м/с)

  22. Біртекті магнит өрісінде 200 орамнан тұратын ауданы 100 см² катушка орналасқан.Орамның кедергісі 10 Ом. Магнит өрісінің индукция векторы катушканың жазықтығына перпендикуляр бағытталған. Магнит өрісінің индукциясы 0,4 Тл – ға  бірқалыпты артқан кезде орамнан қандай заряд өтеді?

  23. Көлемі 1 л ыдыста \(10^6\) Па қысымда  \(О_2\) оттегі  газы бар. Газға 10 кДж жылу беріледі. Газдың қызғаннан кейінгі  қысымын анықтаңыз.

  24. Қабырғасынын ұзындығы 4 см квадрат рама индукция векторы 1 Тл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Раманың айналу жиілігі 2 Гц. ЭҚК-тің әсерлік мәні

  25. Материялық нүкте Ox координатасы осі бойымен теңүдемелі қозғалады. Нүктенің жылдамдығының өзгерісі  \(v_x(t)=2+2t\)  теңдеуімен берілген. Нүктенің 0 ден 10 с уақыт аралығында жүрген жолының орташа жылдамдығын анықтаңыздар.

  26. Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз.

  27. Потенциалдар айырымы

  28. Электр өрісінің потенциалы

  29. Физикалық формулаларды оларды сипаттайтын шамалармен сәйкестендіріңіз. 

  30. \(BScosα\)

  31. \(\frac{LI^2}{2}\)

  32. Біратомды идеал газ суретте көрсетілгендей 1 күйден 2 күйге изобаралық түрде ұлғаяды. Мұндағы: \(p_0=2\,\cdot\,10^6\,Па, V_1=1,\text{м}^3\,,V_2=3 \,м^3\) .

    Әр шаманы өзінің тиісті мәндерімен сәйкестендіріңіз.

  33. Газдың ұлғаю кезінде атқарған жұмысы

  34. Газдың алған жылу мөлшері

  35. Массасы \(m\) болатын ағаш суретте көрсетілгендей қабырғаға сүйеп қойылған. Төмендегі формулаларды оларды сипаттайтын физикалық шамалармен сәйкестендіріңіз.

  36. \(mg\,\cdot\,OBcos30°\)

  37. \(OBcos30°\)

  38. Идеал тербелмелі контурдағы заряд тербелісі  \(q=5\,\cdot\,10^{-6}\text{sin}\, πt\) . (Кл) теңдеуімен сипатталады. 
    Әрбір шаманы өзгеру сипатымен сәйкестендіріңіз.

  39. 2 с-тан кейінгі ток күші (А)

  40. электр зарядының амплитудасы (Кл)

  41. Массасы 0,4 кг температурасы 10°C суға массасы 0,6 кг температурасы 20°С және массасы 1 кг ал температурасы 30°С болатын сулар араластырылған соң орнайтын температураны анықтаңыз.

  42. Жіптің көмегімен массасы 30 кг жүк 2 с ішінде 10 м биіктікке көтеріледі. Егер жүктің қозғалысы теңүдемелі болса, онда жіптің керілу күші қандай?
    (g=10 м/с²)

  43. Тұрақты ток көзіне резисторды жалғағанда оның бойымен 20 мин ішінде1200 Кл заряд өтіп, 60 кДж жылу мөлшері бөлінді. Ток көзінің кернеуін және резистордан өткен ток күшін анықтаңыз.

  44. Жарық сәулесі бірініші ортадан екінші ортаға өткенде, түсу бұрышы 60°, ал сыну бұрышы 45° болса, бірініші ортаға қатысты екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші неге тең 

  45. Баллонда 150С температурада газ бар. Егер баллоннан газдың 40 % шығып кетіп, газдың температурасы 80С-қа кемісе, онда газ қысымы қанша есеге кемиді?

Қате туралы хабарландыру