iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
7-нұсқа
-
Төмендегі суретте көрсетілген ыдыс сұйықтықпен толтырылған. Егер L нүктесіндегі гидростатикалық қысым 100 Па болса, К нүктесіндегі гидростатикалық қысым
-
Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербелген жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с-қа тең болса, оның массасы
-
Ұзындығы 8 см иінге әсер етуші күш 15 Н болғандағы күш моменті
-
Вакуум арқылы тұрақты ток өткенде байқалатын әсер
-
Идеал газдың температурасын өзгертпей тығыздығын екі есе арттырса, онда молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы
-
Индукциясы 0,085 Тл магнит өрісіне оның магнит индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта электрон \(4,6\cdot10^7\)м/с жылдамдықпен ұшып кіреді. Магнит өрісі тарапынан электронға әрекет ететін күш (\(q_e=-1,6\cdot10^{-19}\) Кл)
-
Біртекті магнит өрісінде орнатылған тогы бар түзу өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағыты
-
Толқын ұзындығы 720 нм қызыл түс үшін фотонның энергиясы (\(h=6,62\cdot10^{-34}\) Дж∙с, \(c=3\cdot10^8\) м/с)
-
Суретте көрсетілгендей дене шеңбер бойымен қозғалады. Егер дене К нүктесінен L нүктесіне 1 секундта жетсе, онда дененің айналу периоды
-
Тұтас дененің судағы салмағы ауадағы салмағынан 3 есе кем болса, дененің тығыздығы (\(\rho_{су}=10^3\) кг/м³, g = 10 м/с²)
-
Суретте мензурка ішіндегі судың температурасы термометрде көрсетілген. Мензурка ішіне 100°C-қа дейін қыздырылған массасы 200 г темір кесегін салған кезде орныққан температура (\(\rho\) = 1000 кг/м³)
-
Зат мөлшері 2 моль бір атомды идеал газды изохоралық жолмен суытқан кезде 425 Дж жылу мөлшері бөлінді. Газ температурасының өзгерісі (R = 8,31 Дж/моль∙К)
-
Дене мен экранның арақашықтығы 3 м. Дененің кескінін 5 есе үлкейту үшін алынатын жинағыш линзаның оптикалық күші
-
Қатаңдығы 16 Н/м серіппеге бекітелген, массасы 0,25 кг дене горизонталь жазықтықта тербеліс жасайды. Егер тербеліс амплитудасы 2 см болса, тербелістің циклдік жиілігі мен жүйенің энергиясы
-
Суретте жарық сәулесінің ауадан суға, судан шыныға өтуі көрсетілген. Жарық сәулесінің жолы дұрыс көрсетілген сурет\((n_{ауа}=1,\;n_{су}=1,33,\;n_{шыны}=1,6)\)
-
Толқын көзінен 15,5 м және 18,5 м қашықтықта жатқан толқын бойындағы екі нүктенің фазалар айырымы \(\frac{\pi}{2}\). Егер толқынның таралу жиілігі 50 Гц болса, толқынның жылдамыдығы
-
Зат мөлшері 100 моль сынаптың көлемі (\(M_{Hg}=201\cdot10^{-3}\) кг/моль, \(\rho\) = 13600 кг/м³)
-
Кернеуі 200 В ток көзінен зарядталып, токтан ажыратылған ауа конденсаторының астарларының арақашықтығын 0,2 мм-ден 0,7 мм-ге дейін арттырып және арасындағы кеңістікті слюдамен толтырсақ, кернеуі (\(\varepsilon_{сл}=7\))
-
30 кН күш әрекетінен көлденең қимасы 3 см², ұзындығы 5,4 м сым 2,7 мм-ге ұзарады. Осы сымның Юнг модулі
-
750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақтың 4 сағат ішінде ұшып өтетін жолы
-
Массасы \(m\) қатты денеге \(Q\) жылу мөлшерін бергенде оның температурасы \(\Delta T\) шамасына артады. Төменде келтірілген өрнектердің ішінде осы заттың жылусыйымдылығын анықтайтын формула
-
Идеал газ күйінің теңдеуі
-
Берілген нүктеден зарядтың орналасу қашықтығын 4 есе арттырса, өріс кернеулігі
-
Уранның бейтарап \(^{238}_{92}U\) изотобындағы электрондар саны
-
Гальвани элементінің батереясына 4 Ом кедергіні қосқанда тізбектегі ток күші 0,2 А, ал 7 Ом кедергіні қосқанда ток күші 0,14 А болған. Батареяның ішкі кедергісі
-
Жарық сәулесі ауа-сұйық шекарасына \(\frac{\pi}{3}\) бұрыш жасай түседі. Шағылған және сынған сәулелер бір-біріне перпендикуляр. Сұйықтың сыну көрсеткіші
-
Суретте тік жоғары лақтырылған массасы 1 кг дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. Лақтырылған мезеттен бастап 3 c өткенде дене импульсінің өзгерісінің модулі (g = 10 м/с²)
-
Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығын есептеу формулалары
-
Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырымы 1 кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарды. Осы зарядтың шамасы
-
Ұзындығы 4 м, көлденең қимасы 0,5 мм² болат сымды 2 мм-ге ұзарту үшін, оның ұштарына әсер етуші күш (\(E_{болат}=210\) ГПа)