
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3-нұсқа
-
Гидравликалық көтергіштің үлкен поршенінің ауданы 375 см². Кіші поршенге 160 Н күшпен әсер етіп, салмағы 12 кН жүкті көтеруге болатын кіші поршеньнің ауданы
-
Дыбыстың биіктігі ... тәуелді
-
\(\vartheta=-10sin20\pi t\) (м/с) теңдеуімен тербелетін гармоникалық қозғалыс кезіндегі максимал жылдамдық модулі
-
Психрометрдің ылғалды термометрі 10°C-ді көрсетіп тұр. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%. Құрғақ термометрдің көрсетуі
-
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
-
Көлемін поршень көмегімен өзгертуге болатын цилиндрлік ыдыс ішіндегі идеал газдың қысымы \(5\cdot10^5\) Па, температурасы 300 К. Тұрақты температурада газдың қысымын 2 есе кеміту үшін газдың көлемін
-
Тізбектегі ток күші уақытқа тәуелді \(i=9,5 sin(314t+\pi)\) (A) заңы бойынша өзгеретін болса, оның периоды
-
Тербелмелі контурдағы энергияның сақталу заңы
-
Толқын ұзындығы 720 нм қызыл түс үшін фотонның импульсі (\(h=6,62\cdot10^{-34}\) Дж⋅с)
-
Өзара параллель жалғанған екі су қыздырғыш элементтер бір ток көзіне жалғанған. Элементтердің әрқайсысының ток күші 5 А. Тізбектегі жалпы ток күші
-
Бір ортада таралған толқынның ұзындығы 3 есе артса, таралу жылдамдығы
-
Толқын бір ортадан екінші ортаға өкенде толқын ұзындығы 2 есе кемігенде, таралу жылдамдығы
-
Температурасы 47°C, зат мөлшері 2 моль оттегі газы бар баллонға қосымша \(3\cdot 10^3\) оттегі молекулаларын енгізді. Егер температура өзгермесе, баллондағы газдың ішкі энергиясы \((N_A=6\cdot 10^{23}\;моль^{-1},\;R=8,31\frac{Дж}{моль\;\cdot\;К})\)
-
Өткізгіште электрондардың қозғалысы көрсетілген. Өткізгіштегі ток бағыты
-
Суретте бірқалыпты қозғалатын екі дененің (1 және 2) қозғалыс графиктері берілген. Олардың жылдамдықтарының қатынасы \((\frac{\vartheta_1}{\vartheta_2})\) мен кездесетін орнының координатасы
-
\(x=0,2sin2\pi t\) (м) теңдеуімен берілген дене ығысуы амплитудаға тең болатын уақыт
-
Изохоралық қыздыру кезінде газдың температурасы 40°С-ке, ал қысымы 16%-ға артты. Оның қысымын изохоралық жолмен 10%-ға төмендету үшін температурасын
-
Тыныштықта тұрған массасы \(m=10^{-5}\) кг, заряды \(q=10^{-6}\) Кл бөлшек кернеулігі E = 10 кВ/м біртекті электр өрісінде \(\Delta t=10\) c үдетіліп индукция векторы B = 2,5 Тл магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр бағытта енгенде, әсер ететін күш
-
Жақыннан көретін адамның көзілдірігінің оптикалық күші −2 дптр болса, көзілдіріксіз анық көру қашықтығы (\(d_0=25\) см)
-
Суретте амперметрдің шкаласы берілген. Осы шкалаға сәйкес келетін кестенің нөмірі
-
Дыбыс толқындары бір ортадан екінші ортаға өткенде өзгермейтін шамалар
-
Идеал газ циклі TV диаграммада берілген. Циклдің 2 → 3 және 4 → 1 бөлігіндегі газ процесі
-
Ауаның тербелмелі контурдағы ток күші \(i=0,4cos2\cdot10^8\pi t\) (A) заңы бойынша өзгереді. Ауада таралатын электромагниттік толқынның ұзындығы (\(c=3\cdot10^8\) м/с)
-
Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде
-
Горизонттан биіктігі 52°-пен түскен Күн сәулесін горизонталь бағытта тарату үшін қолданған жазық айнаның горизонтпен жасайтын бұрышы
-
Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге ілінген жүк x = 0,1sin5t (м) заңдылығымен тербеледі. Жүктің массасы
-
Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге ілінген жүктің әсерінен абсолют деформация 50 см болса, ілінген жүктің массасы (g = 10 м/с²)
-
Төменде берілген электромагниттік толқындардың ұзыныдығы бойынша өсу ретімен орналасуы:
- инфрақызыл
- рентген
- көрінетін жарық
- радиотолқын
- гамма
- ультракүлгін
-
Біратомды газдың көлемі 3,6 есе азайғанда, оның қысымы 20%-ке артты. Осы кезде ішкі энергиясының өзгерісі
-
Алюминий \(^{27}_{13}Al\) ядросын нейтронмен атқылағанда \(\alpha\) - бөлшек және пайда болатын элемент ядросы мен реакция теңдеуінің түрі