Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

1-нұсқа



Сұрақтар
  1. Стадионда 400 метрлік шеңберді жүгіріп өткен жүгірушінің орын ауыстыруы мен жүрген жолы

  2. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, 10 секунд ішінде бір айналым жасайтын нүктенің бұрыштық жылдамдығы 

  3. Кез келген уақытта жылдамдық векторы мен үдеу векторлары өзара перпендикуляр бұрыш жасайтын дене қалай қозғалады?

  4. Ньютонның екінші заңы бойынша дененің үдеуі неге тәуелді?

  5. Ось дискінің жазықтығына перпендикуляр, масса центрінен радиустың жартысына тең қашықтықта орналасқан нүкте арқылы өтеді. Осы оське қатысты дискінің инерция моменті 

  6. Берілген нұсқалардың ішінен қай дененің кинетикалық энергиясы болмайды?

  7. Біртекті иіндіктің ұзындығы 2 есе артты. Оның массалар центрі қалай өзгереді?

  8. Дене импульсі дене массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне тең:

  9. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрылғы

  10. Сұйықтық әртүрлі қабаттары араласып, иірімделіп жүретін сұйықтықтың қозғалысы қалай аталады?

  11. Идеал газ молекулаларының өлшемдері ескеріле ме?

  12. Газдың температурасы 127°С болған кезде, оның көлемі 100 м³ тең. Температура 57°С болған кездегі газдың көлемі (абсолютті температура Кельвинмен өлшенеді).

  13. Карно қозғалтқышы температуралары 27°С және 127°С екі резервуардан тұрады. Қозғалтқыш ПӘК-і

  14. Электр заряды +5e тең су тамшысынан кішкене тамшы су бөлінді, оның заряды –2e. Су тамшысының қалған бөлігіндегі электр заряды

  15. Ауада орналасқан +q заряд айналасына электр өрісін тудырады. Электроннан d қашықтықта S тұйық беттен электр өрісінің N күш сызықтары қиып өтті. Дәл осы жағдайды шыныда қайталап жасағанда d қашықтықтағы S тұйық беттің ауданы арқылы өтетін N күш сызықтары өзгеріссіз қалуы үшін +q зарядтың шамасын қалай өзгерту керек? Шынының диэлектрлік өтімділігі 8-ге тең.

  16. Ток кедергісі 32 Ом болатын өткізгіштен өтеді, электр тізбегінің осы бөлігіндегі ток күші 2 А болса, тізбектің осы бөлігіндегі электр кернеуі

  17. Металлдардағы зарядты не тасымалдайды?

  18. Магнит өрісінде орналасқан ауданы 4 см² рамкаға ең үлкен момент 4 мН ⋅ м-ге тең әсер етеді. Бұл рамадағы ток күші 2 А құрайды. Магнит өрісінің индукциясы шамасы

  19. Егер шарғыдағы (катушкадағы) ток бастапқы мәннен 3 есе артса, шарғының индуктивтілігі қалай өзгереді?

  20. Серіппеге ілінген дене x = 0,2cos4πt теңдеуіне сәйкес тербеліс жасайды. Дененің қозғалысы қарастырылатын ось төмен бағытталған. Дене өз қозғалысын қайндай күйден бастайды?

  21. Тербелмелі контурдағы резонанс дегеніміз не?

  22. Кинетикалық энергия теңдеуі  \(\left(\frac{mv^2}{2}\right)\) механикалық тербелістерді сипаттайды. Электромагниттік тербелістердегі кинетикалық энергияның аналогы қандай физикалық шама? Шама және оның формуласы

  23. Егер айнымалы ток генераторының роторындағы полюстер жұптарының саны 6 болса, 50 Гц жиіліктегі ток алу үшін генератор роторының айналу жиілігі 

  24. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсаторда ток күші мен кернеудің фазалық ығысуын сипаттайтын нұсқа

  25. Бойлық толқындар қандай ортада тарай алады?

Қате туралы хабарландыру