
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4-нұсқа
-
Массасы 100 кг жүкті 4 м биіктікке көтеру кезінде атқарылатын жұмыс (еркін түсу үдеуі 10 м/с²)
-
Массасы 200 г дене 54 км/сағ жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Ең жоғарғы нүктедегі дененің потенциалдық энергиясы (Ауаның кедергісі ескерілмейді)
-
Көлемі 45 л баллондағы газдың қысымы 166 кПа, зат мөлшері 3 моль болса, температурасы ( R = 8,31 \(\frac{Дж}{моль\;\cdot\;К}\))
-
Идеал жылу машинасының суытқышының температурасы 27°C, ал қыздырғышының температурасы суытқышының температурасынан 100К-ге артық болса, жылу машинасының ПӘК-і
-
Электрсыйымдылығы 30 мкФ конденсаторы 120 В кернеуге қосқанда жинақтайтын заряды
-
Толқын ұзындығы λ жарық фотонының импульсі \(8\cdot10^{-26}\) кг⋅м/с болса, толқын ұзындығы 2λ жарық фотонының импульсі (\(h=6,63\cdot10^{-34}Дж\cdot с,\;c=3\cdot10^8м/с\))
-
Белгілі бір газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамыдығын 3 есе арттыру үшін температурасын
-
Суретте көрсетілгендей ұзындығы 50 см бір басы шарнирге бекітілген таяқшаның екінші ұшына 30°-пен әсер ететін 60 Н күштің моменті (Тіреу нүктесі – О нүктесі)
-
Серіппелі пистолеттің қатаңдығы 1000 Н/м серіппесін 0,03 м-ге сығып, массасы 0,045 кг оқты горизонталь бағытта ату жылдамдығы
-
Изохоралық процесте идеал газға \(4\cdot10^6\) Дж жылу берілсе газдың атқарған жұмысы
-
Радиолокатордың жіберетін импульсінің жиілігі 15 кГц, ал ұзақтығы 0,8 мкс болса, радиолокатордың ең жақын барлау қашықтығы (\(c=3\cdot10^8\) м/с)
-
Гармоникалық тербелістер жасайтын дененің толық энергиясы \(3\cdot10^{-5}\) Дж, оған әрекет ететін максимал күш \(1,5\cdot10^{-3}\) Н. Тербеліс периоды 2 c, бастапқы фазасы 60° болса, дене қозғалысының x(t) теңдеуі
-
Ыдыс ішіндегі температурасы 20°C, массасы 9 кг суға 100°C температурадағы массасы 1 кг су буы жіберіледі. Бу конденсацияланғаннан кейін орныққан жалпы температурасы (ыдыстың жылу сыйымдылығы және жылу шығыны есепке алынбайды, c = 4200 Дж/кг⋅°C, \(L=2,3\cdot10^6\) Дж/кг)
-
Күннің горизонттан бұрыштық биктігі 60° болғанда ағаштың көлеңкесінің ұзындығы L болады. Ал, Күннің бұрыштық биіктігі 30° болған кездегі ағаш көлеңкесінің ұзыныдығы (ctg30° = \(\sqrt3\), ctg60° = \(\frac{1}{\sqrt3}\))
-
Өзен суының тереңдігі көзге 3 м болып көрінсе, судың нақты тереңдігі (\(n_{су}=1,33\))
-
Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағы (g = 1,6 Н/кг)
-
Ұзындығы 2 м алюминий сымды созғанда онда 35 МПа механикалық кернеу пайда болды. Салыстырмалы және абсолют ұзаруы (\(E_{Al}=70\) ГПа)
-
Магнит индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 1 см түзу өткізгіш арқылы 1 А ток өткенде, оған әсер ететін күш
-
\(\beta\) − бөлшегінің массасы
-
Массасы 320 г оттек изобаралық жолмен \(\Delta T\) = 20 К-ге қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (\(M_{O_2}\)= 32 г/моль; R = 8,31 Дж/К⋅моль)
-
Импульсі \(1,33\cdot 10^{-27}\) кг⋅м/с фотонның энергиясы (\(c=3\cdot10^8\) м/с, \(1эВ=1,6\cdot10^{-19}\)Дж)
-
Қатаңдығы \(2\cdot10^4\) Н/м серіппенің 200 Н күштің әсерінен абсолют ұзаруы
-
Егер идеал газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы өзгермейтін болса, молекулалар концентрациясын 3 есе арттырғанда идела газдың қысымы
-
Зарядтары \(q_1\) және \(q_2\) бірдей екі кішкене шар ауада 10 см қашықтықта F күшпен әсерлеседі. Осы шарларды ара қашықтықты өзгертпей керосинге орналастырса, олардың өзара әрекеттесу күші (\(\varepsilon_{кер}=2\))
-
Суретте су құйылған мензурка көрсетілген. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз.
-
Төмендегі суретте 120 В кернеумен жұмыс жасайтын тізбек көрсетілген. Кедергілердің мәні \(R_1\)= 120 Ом, \(R_2\)= 240 Ом және \(R_3\)= 240 Ом. Бастапқы уақытта X, Y және Z кілттері ашық тұр. Егер X, Y және Z кілттерін жабатын болса, 10 с уақыттан кейін \(R_2\) кедергісінде бөлінетін жылу мөлшері
-
500 орамнан тұратын катушка бойымен 10 А ток жүргенде 30 мВб магнит ағынын туғызады. Катушканың индуктивтігі
-
Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әрекет ететін күш
-
Суретте велосипедші қозғалысы үдеуінің уақытқа тәуелділік a(t) графигі берілген. Бастапқы уақыт (t = 0) мезетінде велосипедшінің жылдамдығы 2 м/с болса, 6 с-та жүрген жолы және соңғы жылдамдығы
-
Аэростатты толтырған қысымы 100 кПа, көлемі 60 м³ гелийдің ішкі энергиясы