
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-нұсқа
-
Электромагниттік толқын үшін дұрыс тұжырымдар
-
Массасы 1 кг дене 10 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына тең болатын биіктік (g = 10 м/с²)
-
Шексіз ортада центрлерінің ара қашықтығы 20 м екі шар оранласқан. Көлемдері 5 см³ және 4 см³, ал тығыздықтары сәйкесінше 1000 кг/м³ және 2000 кг/м³ шарлардың өзара әрекеттесу күші (\(G=6,67\cdot10^{-11}\) H ⋅ м²/кг²)
-
Тұрақты температура баллондағы газдың жартысын шығарғанда, ондағы газ қысымы
-
Массасы 5 кг денені 10 м биіктікке көтергенде әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы (g = 10 м/с²)
-
Биік тау баурайында бала өзінің дауысының жаңғырығын 1,6 с-тан кейін естісе, таудың орналасу қашықтығы (\(\vartheta_{ауа}\)= 340 м/с)
-
Көлемі 90 л баллондағы зат мөлшері 6 моль газдың қысымы 166 кПа болса, оның температуасы (R = 8,31 Дж/моль⋅К)
-
Белгілі бір процесс кезінде газ 5 МДж жұмыс атқарады. Осы кезде ішкі энергия 2 МДж-ға кемісе, газға берілген жылу мөлшері
-
Ыдыстың ішінде тұзды су бар. Кілтті тұйықтағанда шамның жану себебі
-
Тербелмелі контурдағы электромагниттік өрістің толық энергиясын анықтайтын формула
-
Ультракүлгін жарық фотонның энергиясы \(7,1\cdot10^{-19}\) Дж болса, толқын ұзындығы (\(c=3\cdot10^8\)м/с, \(h=6,63\cdot10^{-34}\) Дж⋅с)
-
20 л көлемді алып тұрған газ 400 кПа қысымда изобаралық ұлғаяды. Егер оған 20 кДж жылу беріліп, газ көлемі екі есе артса, оның ішкі энергиясының өзгерісі
-
Модулі q = 2 нКл зарядтың вакуумде 2 см қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы (\(k=9\cdot10^9\) Н⋅м²/Кл², \(\varepsilon_в\)= 1)
-
Суретте серіппе деформациясының оған әрекет етуші күшке тәуелділігі көрсетілген. Серіппенің қатаңдығы
-
Тұрақты көлемдегі идеал газдың абсолюттік температурасы да, қысымы да 2 есе артты. Бұл процесс
-
Конденсаторының сыйымдылығы 5 мкФ тербелмелі контур 240 Гц жиілікте резонансқа түседі. Резонанс құбылысы 60 Гц жиілікте байқалуы үшін, осы конденсаторға параллель жалғанатын қосымша конденсатор сыйымдылығы
-
Макродененің күйін сипаттайтын термодинамикалық параметрлер
-
Толық тізбек үшін Ом заңының өрнегі
-
Оптикалық күші 2 дптр жинағыш линзаның екі еселенген фокусында жарық көзі орналасқан. Кескіннің линзаға дейінгі қашықтығы
-
Эквипотенциал беттердің
-
Тізбектей жүрген екі \(\alpha\) − ыдырау мен екі \(\beta\) − ыдыраудан кейін \(^{216}_{84}Po\) ядросынан пайда болатын туынды ядро
-
Диаметрі 20 см жарық көзінен экранға дейінгі қашықтық 1,6 м болса, диаметрі 6 см доптың экранда тек ала көлеңкесі ғана түсетіндей етіп допты экраннан ең аз орналастыру қашықтығы
-
Көлемі 1,5 л баллондағы температурасы 300 К, қысымы 18 МПа бір атомды идеал газға 54 кДж жылу берілсе, газдың соңғы температурасы және қысымы
-
Массасы 890 г мыс білеушесі толығымен суға батырылған. Осы білеушеге әсер ететін Архимед күші (\(\rho_{су}\)= 10³ кг/м³, \(\rho_{мыс}\)= 8900 кг/м³, g = 10 м/с²)
-
Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппені 25 см-ге созу үшін қажетті күш
-
Радиусы 2 см заряды 6 нКл металл шарик бетінен 4 см қашықтықтағы өріс кернеулігі (\(k=9\cdot10^9\) Н⋅м²/Кл²)
-
Суретте көрсетілген координаталарының уақытқа тәуелділік x(t) графигінен 5 c уақытқа дененің жүрген жолы мен орын ауыстыруы
-
Ыдыстың төрттен бір бөлігіне температурасы 80°С ыстық су мен қалған бөлігіне 10°C салқын су құяды. Осы кезде ыдыстағы сұйықта орныққан температура (ыдыстың жылу сыйымдылығы ескерілмейді, қоршаған ортамен жылу алмасу жоқ)
-
Серіппелі маятниктің бастапқы қатаңдығы \(k_0\), ілінген жүктің массасы \(m_0\), жиілігі \(\nu_0\), бастапқы периоды \(T_0\). Серіппенің қатаңдығын төрт есе арттырып, қосымша \(8m_0\) жүкті ілгенде жиілігі \(\nu\) мен периоды T
-
Қыздырғышының температурасы 327°C, ал тоңазытқышының температурасы 27°C болатын, идеал жылу машинасының ПӘК-і