
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
6-нұсқа
-
Гидравликалық машинаның кіші поршенінің ауданы үлкен поршенінің ауданынан 3 есе кіші. Күш әсерлері теңгерілген жағдайда А нүктесіндегі қысым 90 МПа болса (сурет), В нүктесіндегі қысым
-
Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 2 м/с² үдеумен көтергенде атқарылған жұмыс (g = 10 м/с²)
-
Суретте көрсетілгендей массалары 2 кг және 3 кг екі жүк ұзындығы 100 см салмақсыз ағашқа ілініп тұр. Егер жүйе тепе-теңдікте тұрса, онда массасы 3 кг жүктен тіреу нүктесіне дейінгі арақашықтық
-
Бір ұшы бекітілген металл сымды 60 H күшпен созған кезде 1,2 МПа кернеу пайда болса, сымның көлденең қимасының ауданы
-
Ньютонның екінші заңының импульстік түрде жазылуы
-
Массасы 4 г оттегідегі молекулалар саны
( M = 32 г/моль, \(N_A=6\cdot 10^{23}\;моль^{-1}\))
-
Зарядталған металл шардың беттік потенциалы 2 В. Шар центрінде орналасқан нүктенің потенциалы
-
Ара қашықтығын өзгертпей бірдей екі зарядты суға батырғанда, олардың әсерлесу күші ауадағыдай болу үшін зарядтың мәндерін (\(\varepsilon_{су}=81;k=9\cdot10^9\) Н∙м²/Кл²)
-
Егер бөлшектің релятивтік массасы таныштық массасынан екі есе артық болса, бөлшектің жылдамдығы
-
Траекторияның ұзындығы –
-
Массасы 8 кг дененің 5 м биіктіктегі жылдамдығы 3 м/с. Дененің осы биіктіктегі толық механикалық энергиясы ( g = 10 м/с²)
-
Массасы 1,5 кг дененің бастапқы жылдамдығы 5 м/с. 1 c бойы 12 H күш әсер еткен осы дененің соңғы жылдамдығы
-
Жабық баллонның ішінде идеал газ орналасқан. Бір уақытта баллондағы газдың бір бөлігін сыртқа шығарған кезде оның температурасы 2 есе, ал қысымы 5 есе кеміген. Сыртқа шығарылған (пайызбен алғанда) газдың мөлшері
-
Өткізгіш арқылы \(N=20\cdot10^{20}\) электрон 0,5 минутта бір бағытта реттеліп қозғалады. Өткізгіштің кедергісі 30 Ом болса, онда бөлінетін жылу энергиясы (\(e=1,6\cdot 10^{-19}\) Кл)
-
Астынан қыздырылған ыдыстағы салқын су түбінен көтерілген ауа көпіршігінің көлемі
-
Түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалған катердің жылдамдығы 10 с ішінде 2 м/с-тан 8 м/с-қа дейін өсті. Осы уақытта катердің жүрген жолы
-
Массасы 0,6 кг жүкті ілінген серіппесінің қатаңдығы 250 Н/м динамометрді тік жоғары 0,4 м/с² үдеумен көтерсе, серіппенің абсолют деформациясы ( g = 10 м/с²)
-
Индукция векторы тік жоғары бағытталған біртекті магнит өрісіне горизонталь бағытта ұшып кірген электронның кинетикалық энергиясы 1000 эВ. Оның айналу радиусы 1 мм. Электронға әсер ететін күштің мәні ( 1 эВ = \(1,6\cdot10^{-19}\) Дж, \(m_e=9,1\cdot10^{-31}\) кг)
-
Оптикалық күші +2,5 дптр-ға тең болатын көзілдірік шынысының фокус аралығы
-
Тік жоғары лақтырылған доп 20 м биіктікке көтерілді. Доптың лақтырылу жылдамдығы (g = 10 м/с², ауа кедергісін ескермегенде)
-
Массасы 400 г дене бірқалыпты қозғала отырып 2 мин-та 60 м жол жүрсе, оның кинетикалық энергиясы
-
Көлемі V ыдыста, Т температурада су буының \(\nu\) мөлшері бар. Осы температурадағы қаныққан бу қысымы \(p_0\). Салыстырмалы ылғалдылық \(\varphi\)
-
Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш
-
Өткізгіш контурдағы ток күші 3 A болған мезетте магнит ағыны 60 мВб болса, контурдың индуктивтілігі
-
Горизонттың биіктігі 30° Күннен келетін сәулелерді құдықтың түбіне түсіру үшін жазық айнаның горизонтпен жасайтын бұрышы
-
Сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін Архимед күші
-
Суретте материалдың деформациясы кезіндегі серпінді кернеудің салыстырмалы сығылуға тәуелділігінің графигі берілген. Материалдың серпінділік модулі
-
3 мкКл және 2 мкКл нүктелік зарядтардың арақашықтығы 20 см-ден 50 см-ге өзгергенде электр өрісінің атқаратын жұмысы (\(k=9\cdot10^9\) Н∙м²/Кл²)
-
Егер сымға ілінген жүктемені және сымның материалын өзгертпей, ал ұзындығы мен диаметрін 2 есе арттырсақ, оның абсолют ұзаруы
-
Фототок тежеуші кернеудің 0,46 B мәнінде тоқтайтын болса, фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы (\(m_e=9,1\cdot10^{-31}\) кг, \(e=1,6\cdot10^{-19}\) Кл)