iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-нұсқа
-
Суретте бастапқы жылдамдығы 24 м/с түзусызықты айнымалы қозғалған дененің үдеуінің уақытқа тәуелділік графигі берілген. t = 0 уақыттан есептегенде дененің тоқтау уақыты
-
Резеңке бау 8 Н күштің әсерінен 8 см ұзаратын болса, серпімділік күшінің жұмысы
-
Суреттегі көрсетілген тізбектегі конденсатор сыйымдылықтары \(C_1=C_2=C_3=C_4=C\) болса, конденсатор батареясының сыйымдылығы
-
Әрқайсысының массалары 20 кг екі бірдей дене өзара тартылады. Егер біреуінің массасы 4 кг-ға кемісе, сол қашықтықтағы олардың тартылыс күші
-
pV диаграммасында көрсетілген идеал газ 1-күйден 3-күйге өтті. Бірінші күйдегі температура \(T_0\)-ге тең болса, 3-күйдегі газ температурасы (m = const)
-
Адиабаталық ұлғаю процесі үшін дұрыс тұжырымдар
-
Түзу токтың магнит өрісінің күш сызықтары бағытын анықтайтын тұжырым
-
Ауырлық күшінің жұмысы теріс болатын жағдай
-
Тұйықталған траекторияда электростатикалық өрістің жұмысы
-
Суға батпайтын дене (судың тығыздығы 1 г/см³)

-
Материялық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуі x = 0,2sin 4πt (м). Нүктенің максимал үдеуінің модулі
-
Тік жоғары 2 м/с² үдеумен қозғалып бара жатқан лифтінің ішіндегі массасы 5 кг дененің салмағы (g = 10 м/с²)
-
Қайнап жатқан сұйықтықты буландыру кезінде жұмсалған жылу мөлшері тәуелді болатн шамалар
-
\(10^{-10}\) Кл заряд орналасқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 10 В/м. Зарядқа әрекет етуші күш
-
Жарық сәулесі екі ортаны бөліп тұрған мөлдір бетке \(\alpha\) = 35° бұрышпен түседі және \(\beta\) = 25° бұрышпен сынады. Ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші (sin35° = 0,57, sin25° = 0,42)
-
Стақандағы массасы 200 г су 20 тәулікте толығымен буланып кетсе, 1 c-та буға айналатын су молекулаларының орташа саны (\(M(H_2O)=18\cdot10^{-3}\) кг/моль, \(N_A=6,02\cdot10^{23}\) моль\(^{-1}\))
-
Ауырлық күші 50000 H, тығыздығы 1000 кг/м³ дененің көлемі (g = 10 м/с²)
-
Суретте көрсетілгендей массасы 10 кг дене h = 1 м биіктіктен үйкеліссіз 4 м/с бастапқы жылдамдықпен сырғанап, қатаңдығы 1000 Н/м серіппеге соғылса, серіппенің максимал сығылуы (g = 10 м/с²)
-
Сутегі атомының энергетикалық деңгейлік диаграммасында үлкен жиіліктегі квант жұтылуына сәйкес келетін өтудің энергетикалық деңгейлері және теңдеуі
-
Газдағы электр тогын тасымалдаушылар
-
Идеал жылу машинасының салқындатқышының температурасы үшін өрнек
-
Әрқайсысының массасы m болатын екі шар, бір-бірінен r қашықтықта орналасқан және өзара F күшімен тартылады. Егер әрқайсысының массасы 2 есе кемісе және арақашықтығы 2 есе артса, онда тартылыс күшінің мәні
-
Электромагниттік толқын шкаласында жиілігі ең жоғары сәуле
-
Кедергілері 9 Ом және 18 Ом екі резисторды параллель жалғап, кернеуі 36 В ток көзіне қоссақ, әр резистордағы ток күштері
-
Мұз суда жүзіп жүр. Мұз толығымен еріген кезде судың деңгейі
-
Қабырғаларының ұзындығы \(a\) шаршы төбелерінде төрт бірдей нүктелік оң \(q\) зарядтар орналасқан болса, шаршының центріндегі электр өрісінің потенциалы (\(k=\frac{1}{4\pi\varepsilon\cdot \varepsilon_0}\))
-
Тығыздығы 2500 кг/м³ дененің ауадағы салмағы 25 H болса, осы дененің судағы салмағы (\(\rho_{су}\) = 1000 кг/м³, g = 10 м/с²)